«Единство» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметі бойынша уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы
Қазақстан Республикасы «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 8-бабының 15-тармағына, 33-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 230-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес, 2022 жылғы 01 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 30 қарашаға дейін қоса алғанда қолданысқа енгізумен «Единство» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметі бойынша уақытша өтемдік тариф бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімі
(М. Д. Нұрқанов) осы бұйрықты «Единство» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің назарына жеткізсін.
- «Единство» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы ақпаратты тұтынушылардың назарына оны қолданысқа енгізгенге дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын жеткізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары
С.Ә. Амангелдіге жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басшы Д. Тоқтамысов