«Тайынша-Астык» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметі бойынша уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы

Қазақстан Республикасы «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 8-бабының 15) тармақшасына, 33-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, 33-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 230-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. 2022 жылғы 01 қарашадан бастап 2023 жылғы 31 қазанға дейін қоса алғанда қолданысқа енгізумен «Тайынша-Астык» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметі бойынша 1 Гкал үшін 2 225,78 теңге (ҚҚС қоспағанда) мөлшерінде уақытша өтемдік тариф бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімі
    (М.Д. Нұрқанов) осы бұйрықты «Тайынша-Астык» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің назарына жеткізсін.
  3. «Тайынша-Астык» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы ақпаратты тұтынушылардың назарына оны қолданысқа енгізгенге дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын жеткізсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары
    С.Ә. Амангелдіге жүктелсін.
  5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 Басшы                                                                      Д. Тоқтамысов

«Тайынша-Астык» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметі бойынша уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы
Дата публикации
09 ноября 2022