Ресей Федерациясы жол қатынастары Министрлігінің «Оңтүстік Орал темір жолы» Федералдық Мемлекеттік Біртұтас кәсіпорнының «Петропавл бөлімшесі» еншілес кәсіпорнына электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы
Қазақстан Республикасы «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 8-бабының 15) тармақшасына, 33-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, 33-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 230-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- 2023 жылғы 01 қантардан бастап 31 желтоқсанға дейін қоса алғанда қолданысқа енгізумен Ресей Федерациясы жол қатынастары Министрлігінің «Оңтүстік Орал темір жолы» Федералдық Мемлекеттік Біртұтас кәсіпорнының «Петропавл бөлімшесі» еншілес кәсіпорнының электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметі бойынша 1 кВтс үшін 0,47 теңге
(ҚҚС қоспағанда) мөлшерінде уақытша өтемдік тариф бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімі
(М.Д. Нұрқанов) осы бұйрықты Ресей Федерациясы жол қатынастары Министрлігінің «Оңтүстік Орал темір жолы» Федералдық Мемлекеттік Біртұтас кәсіпорнының «Петропавл бөлімшесі» еншілес кәсіпорнының назарына жеткізсін.
- Ресей Федерациясы жол қатынастары Министрлігінің «Оңтүстік Орал темір жолы» Федералдық Мемлекеттік Біртұтас кәсіпорнының «Петропавл бөлімшесі» еншілес кәсіпорнының уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы ақпаратты тұтынушылардың назарына оны қолданысқа енгізгенге дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын жеткізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары
С.Ә. Амангелдіге жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басшы Д. Тоқтамысов