«Булаев су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тарату желілері арқылы су беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметі бойынша уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы

«Булаев су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тарату желілері арқылы су беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметі бойынша уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы

Қазақстан Республикасы «Табиғи монополиялар туралы» Заңының
8-бабының 15-тармағына, 33-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына,
33-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 230-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес, 2022 жылғы 01 қарашадан
    2023 жылғы 31 қазанға дейін қоса алғанда қолданысқа енгізумен «Булаев су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тарату желілері арқылы су беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметі бойынша уақытша өтемдік тариф бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімі
    (М. Д. Нұрқанов) осы бұйрықты «Булаев су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің назарына жеткізсін.
  3. «Булаев су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы ақпаратты тұтынушылардың назарына оны қолданысқа енгізгенге дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын жеткізсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары
    С.Ә. Амангелдіге жүктелсін.
  5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

  

Басшы                                                                      Д. Тоқтамысов

«Булаев су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тарату желілері арқылы су беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметі бойынша уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы
Дата публикации
07 ноября 2022