«Иван Зенченко» ЖШСның суды таратушы желілер арқылы беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне бекітілген тарифті оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін өзгерту туралы

«Иван Зенченко» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің суды таратушы желілер арқылы беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне бекітілген тарифті оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін өзгерту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 204-VІ Заңының 22-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының
607-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Иван Зенченко» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің суды тарату желілері арқылы беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне тарифі 2022 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіле отырып, қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін ҚҚС-сыз 114,1 теңге/м3 деңгейіне дейін өзгертілсін.
  2. «Иван Зенченко» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің суды тарату желілері арқылы беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне тарифтік сметасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес баяндалсын.
  3. «Иван Зенченко» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тариф қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей тұтынушыларға тарифтің, бекітілген тарифтік сметаның өзгеру себептерін көрсететін ақпаратты ұсына отырып, бұл жөнінде хабарласын.
  4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімі осы бұйрықты «Иван Зенченко» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің назарына жеткізсін.
  5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Басшының м.а                                                          С. Амангелді

 

«Иван Зенченко» ЖШСның суды таратушы желілер арқылы беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне бекітілген тарифті оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін өзгерту туралы
Дата публикации
04 октября 2022