Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу іс-шаралары бойынша кездесу өтті

Шымкент қаласы. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу іс-шаралары бойынша кездесу өтті

2019 жылғы 13 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Ж.С.Әлжанованың қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша кездесу өткізілді.

Кездесудің мақсаты - сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа шыдамсыздық атмосферасын қалыптастыру, «Адалдық алаңы», «Қоғамдық бақылау картасы» - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің іске асыратын жобалары туралы ақпараттандыру.

Кездесу барысында баяндамашы «Шымкент–адалдық алаңы» жобасының негізгі ережелері туралы айтып берді. Жобалық офистің миссиясы тұрмыстық сыбайлас жемқорлық  деңгейін қысқарту, азаматттардың мемлекеттік билікке сенімінің артуы болып табылады. Алдын ала қабылданатын іс-шаралардың тиімділігі арқасында  тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендетілуі, мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықпен кездесетін азаматтар үлесі азайғандығы байқалатынын, сонымен қатар сыбайлас  жемқорлыққа теріс әсерін білдіретін адамдар саны өскендігі және олардың сыбайлас жемқорлықты азайтуға өз үлестерін қосуға дайын екендігін атап өтті.

Кездесу соңында кездесуге қатысушыларды қызықтыратын сұрақтарға жауап берілді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу іс-шаралары бойынша кездесу өтті
Дата публикации
27 февраля 2020