Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілердің мәдениетін қалыптастырудың құқықтық сауаттылығы, қызметтік этикасы деңгейін арттыру, олардың сыбайлас жемқорлық іс - әрекеттер жасауының алдын алу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкерін шақырумен семинар-кеңес ұйымдастырды . Лектор ретінде Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаменті штабының басшысы Ж.Рамазанов "сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу"тақырыбында сөз сөйледі. Аталған семинарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру мәселелері қозғалды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі және ымырасыз алдын алу тұтастай алғанда елдің табысты дамуының және Қазақстанның неғұрлым дамыған және бәсекеге қабілетті мемлекеттердің қатарына кіруі жөнінде Президент қойған міндетті іске асырудың аса маңызды шарты болып табылатыны атап өтілді. Диалог алаңы аясында пікір алмасу өтті. Кездесу соңында семинарға қатысушылар Департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында қолданыстағы заңнаманы түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жалғастыру қажеттілігі туралы ортақ пікірге келді.

Дата публикации
27 июня 2019