Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті
Хаттама
"Батыс су арнасы" ЖШС тарату желілері және бұру, сарқынды суларды тазарту бойынша су беру қызметтеріне тарифтің және тарифтік сметаның шекті деңгейінің жобасын қарау бойынша Жария тыңдаулар өткізу»
Орал қ. 9 наурыз 2021 ж.
басталуы 15.00
аяқталуы 16.00
Төрағасы:
Департамент Басшысы А. А. Отаров
Өкілдері:
1. ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің БҚО бойынша департаменті 9 адам.
2. "Батыс су арнасы" ЖШС 6 адам.
3. Тұтынушылар 3 адам.
4. БАҚ 1 адам
Барлығы
18 адам
Қоғамдық тыңдау "ZOOM" платформасы және Фейсбук әлеуметтік желісі арқылы онлайн режимінде өтті.
КҮН ТӘРТІБІ
1. ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің БҚО бойынша департаментінің басшысы А. А. Отаровтың алғы сөзі
2. "Батыс су арнасы" ЖШС тарату желілері және бұру, сарқынды суларды тазарту бойынша су беру қызметтері бойынша 2021-2026 жылдарға арналған тариф пен тарифтік сметаның шекті деңгейінің ұсынылып отырған жобасы туралы - Баяндамашы "Батыс су арнасы" ЖШС Бас директоры Имашев к.
3. Пікір алмасу, тұтынушылардың сұрақтарына жауаптар.
4. ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің БҚО бойынша департаментінің басшысы А. А. Отаровтың қорытынды сөзі
1. Тыңдауларды көпшілік тыңдаулардың төрағасы А.А. Отаров ашты, ол жиналғандарға кіріспе сөз сөйлеп, өткізілетін көпшілік тыңдаулардың мақсаттары мен міндеттері туралы айтып берді (мәтін қоса беріледі).
"Батыс су арнасы" ЖШС-нің 2021-2026 жылдарға арналған тарату желілері мен бұру, сарқынды суларды тазарту бойынша су беру қызметтері бойынша 2021-2026 жылдарға арналған тариф пен тарифтік сметаның шекті деңгейінің жобасын қарау қажеттілігі туралы "Батыс су арнасы" ЖШС Бас директоры айтып берді .
Талқылау барысында қатысушылардың келесі сұрақтарына жауаптар берілді.
Тұтынушы 1: "Батыс су арнасы"ЖШС қандай тариф жобасын ұсынады?
Тұтынушы 2.: Қазір М. Шолохов көшесіндегі кәріз коллекторына ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде, бұл Сіздің ұйымыңыздың есебінен ме, әлде басқа бағдарламаның есебінен ме?
А.А. Отаров: қорытындылай келе, бүгін "Батыс су арнасы"ЖШС тарату желілері және бұру, сарқынды суларды тазарту бойынша су беру қызметтері бойынша 2021-2026 жылдарға арналған шекті тариф және тарифтік смета жобасын талқылау бойынша Жария тыңдаулар өткізілгенін атап өткім келеді.
"Батыс су арнасы" ЖШС тарату желілері және бұру, сарқынды суларды тазарту бойынша су беру қызметтері бойынша тарифтің және тарифтік сметаның шекті деңгейін бекіту жөніндегі шешімді Департамент қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзімдерде және тәртіппен қабылдайды.
Төраға: Отаров А. А.
Хатшы: С. А. Жаманкулов