Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің арасында откізілген семинардың
хаттамасы
Орал қаласы 17 наурыз 2021 жыл
Төрағалық етуші: А.Отаров – департамент басшысы.
Қатысушылар: департамент қызметкерлері.
Семинардың тақырыбы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңының нормалары.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлгі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Г.Е. Мендыбаева баяндама жасап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы заңнаманың төңірегіндегі мәселелерге толық тоқталып өтті.
Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың өз өткілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануыны әкеп соғыу мүмкін әрекеттерді жасауына жол бермеу мақсатында, аталған адамдар осы Заңда белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, өздеріне:
1) мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйспайтын қызметті жүзеге асыру;
2)жақын туыстарының, жұбайлары(зайыптары) мен жекжаттарының бірге қызмет(жұмыс) істеуіне жол бермеу;
3)мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратулуға жатпайтынқызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану.
4)материалдық сыйақыны, сыйлықтарды немесе көрсетілітін қызметтерді ұсынған адамдардың пайдасына әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін, егер мұндай әрекеттер осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген адамдардың қызметтік өкіліттіктеріне кірсе немесе осы адамдар лауазымдық жағдайына байланысты мұндай әрекеттерге(әрекетсіздікке)ықпал етуі мүмкін болса, оларды қабылдау;
5) Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды (салымдарды) ашу және иелену Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайтыны туралы тағы да ескертіліп айтылды.
Семинар барысында қойылған сұрақтарға толықтай жауаптар берілді.
Семинар қорытындысы бойынша Департамент басшысы А.Отаров Департаменттің мемлекеттік қызметшілеріне мемлекеттік қызметте болуға байланысты айтылған шектеулер мен міндеттерді қатаң сақтауды тапсырды.
Баяндамашы Г.Мендыбаева
Хаттама жүргізген М.Набиев