Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) мынадай заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiрудi және өзге де арнайы атқарушылық, рұқсат ету және бақылау функцияларын, аэронавигация, әуежайлар және кәбілді арнаны мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру салаларын қоспағанда, табиғи монополиялар салаларында, ішкі рейстерде әуежайлардың мынадай қызметтерін көрсетуді: жолаушыларды отырғызу-түсіру (телескоптық трап арқылы), тасымалдау процесін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын әуежайдың үй-жайларын жалға беру, жүктерді өңдеу, жолаушыларды тіркеу үшін жұмыс орнын (алаңдар) ұсыну, әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етуді қоспағанда, қоғамдық маңызы бар нарықтарда мемлекеттік реттеу және бақылау, сондай-ақ энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының талаптарын сақтауын мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.