Табиғи монополиялар туралы" заңда табиғи монополиялар субъектілерінің өткен жылғы (2018 ж.) тарифтік сметаны және инвестициялық бағдарламаны орындау туралы есептерді ағымдағы жылғы 1 мамырға дейін ұсынуы көзделген.
Департамент прокуратурамен бірлесіп 44 табиғи монополиялар субъектілерінен бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы туралы 85 есепті және 2018 жылғы 17 табиғи монополиялар субъектілерінен бекітілген инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы 37 есепті қарады және талдады. 2018 жылғы тарифтік сметаларды орындауға талдау жүргізу қорытындылары бойынша Департамент тарифтік сметаларды заңнамада рұқсат етілген деңгейден асып түскені, сондай-ақ инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындамағаны үшін 19 субъектіге 1 жыл мерзімге 21 қызмет бойынша жалпы сомасы 775,2 млн.теңгеге өтемдік тарифтерді енгізді.