
Бүгінгі күні «Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметке лицензия беру» қызметтің лицензияланатын түрін Комитеттің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – Комитет Департаменттері) жүзеге асырады.
Лицензияның бұл түрі электрмен жабдықтау қызметін көрсетуді жоспарлаған жеке немесе заңды тұлғалар үшін беріледі және лицензияның болуы энергиямен жабдықтаушы ұйым деп атауға құқық береді.
Сонымен, 2019 жылы Комитеттің Департаменттеріне энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия алу үшін 70 заңды тұлға жүгінген, оның ішінде 51 заңды тұлғаға лицензия берілді және қайта ресімделді, сондай-ақ 19 заңды тұлғаға дәлелді бас тарту берілді.
Жеке және заңды тұлғалардың уақытын үнемдеу мақсатында осы қызметті үйден шықпай-ақ электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға болады.