Артқа

Нұрмұратов Нұрлан Әуелбекұлы

Төрағаның орынбасары

Жалпы ақпарат, білімі

1990 жылы Өзбекстан Республикасының Навои облысында дүниеге келген.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Мансап

2010–2013 жылдары  Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде қоғамдық қызметкер болып жұмыс істеген.

2013–2015 жылдары  Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің табиғи монополиялар мен бағаларды реттеу бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген.

2015–2018 жылдары  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің табиғи монополиялар мен бағаларды реттеу бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген.

2019–2020 жылдары  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің электр энергетикасы саласындағы реттеу басқармасының бас сарапшысы болып жұмыс істеген.

2020–2023 жылдары  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің әдіснама басқармасының басшысы болып жұмыс істеген.

2023–2026 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарған.

2026 жылдың 22 қазаннан бастап  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары