Артқа

Тоқтамысов Дамир Сабырұлы

Төрағаның орынбасары

Жалпы ақпарат, білімі

1985 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

С.Сейфуллин атындағы аграрлық университетті, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Мансап

2007 ж. Ақмола облысындағы «Ақмола-Феникс» АҚ-да механизатор болып жұмыс істеген.

2008 ж. Астана қаласындағы «MERCURAUTO LTD» ЖШС-нің «Mitsubishi» бөлімшесінде автомеханиктің шәкірті болып жұмыс істеген.

2008–2015 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінде жетекші маманнан бастап бөлім басшысына дейінгі лауазымдарда жұмыс істеген.

2015–2018 жылдары сумен жабдықтау және су бұру саласындағы реттеу басқармасының бас сарапшысы болып жұмыс істеген.

2018–2022 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің жылу энергетикасы саласындағы реттеу басқармасының басшысы болып жұмыс істеген.

2022–2026 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарған.

2026 жылдың 22 қазаннан бастап  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары.