ЕХӘҚМ Көші-қон комитеті еңбек көші-қон басқармасының бас сарапшысы
Көші-қон комитеті
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Құқық қорғау қызметі
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және Басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады; Комитет басшылығының қарауына көші-қон заңнамасын шетелдік жұмыс күшін тарту бөлігінде жетілдіру жөнінде және Басқарманың жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді; мемлекаеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады; құзыреті шегінде еңбек көші-қоны саласындағы, оның ішінде шетелдік жұмыс күшін тарту бөлігінде мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау бойынша жұмыс топтарының жұмысына қатысады; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер мен ұсынымдар береді; белгіленген мерзімде Басқарманың құзыретіне кіретін жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, шағымдарын, өтініштерін, сондай-ақ Министрліктің веб-сайтында орналастырылған Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелерді уақтылы қарауды қамтамасыз етеді; Басқарманың құзыретіне кіретін құжаттарды сапалы және уақтылы дайындауды ұйымдастырады; еңбек көші-қоны саласындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлейді және іске асырады; өз құзыреті шегінде еңбек көші-қоны саласындағы нормативтік құқықтық, құқықтық актілерді, оның ішінде есепке алу және есеп беру құжаттамасының нысандарын, әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді; мүдделі мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шетелдік жұмыс күшін тартуға квота қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарын қарайды; Комитет басшылығына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота қалыптастыру және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу жөнінде ұсыныстар әзірлейді және енгізеді; еңбек көші-қонын реттеу және мониторингтеу саласындағы шаралар жүйесін әзірлейді; шетелдік қызметкерлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастырады, «Шетелдік жұмыс күші» ақпараттық жүйесін пайдаланады және олардың тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді; шетелдік жұмыс күшін тартуға қатысты көші-қон процестерінің мониторингін жүзеге асырады; еңбек көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік басшылықты жүзеге асырады; Комитет басшылығына шетелдік жұмыс күшін тартуға қатысты көші-қон процестері мониторингінің нәтижелерін ұсынады; Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу қағидаларын әзірлейді; жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру тәртібі мен шартын әзірлейді; уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша маусымдық шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыру үшін кәсіптер тізбесін әзірлейді; арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен бірлесіп Комиссияның құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жобалары бар арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда, сондай-ақ көрсетілген арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезеңінде қызметтерді орындаушы ретінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санатының тізбесін және санын айқындау қағидаларын әзірлейді; жер қойнауын пайдаланушылардың кадрлардағы елішілік құндылығы бойынша келісімшарттық міндеттемелерді орындауына мониторингті жүзеге асыруға қатысады; еңбекші көшіп келушіге рұқсаттарды беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын әзірлейді; Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа орналасу үшін оның біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтамалар беру немесе ұзарту қағидаларын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды өз бетінше жұмысқа орналастыру үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және оларда талап етілетін кәсіптердің тізбесін қағидаларын әзірлейді; құзыреті шегінде еңбек көші-қоны саласындағы мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіреді; құзыреті шегінде облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын әзірлейді; ғылыми әзірлемелердің басымдықтарын қалыптастырады және айқындайды, ғылыми зерттеулер жүргізуді және құзыреті шегінде еңбек көші-қоны саласында ғылыми сүйемелдеуді үйлестіруді ұйымдастырады; құзыреті шегінде еңбек көші-қоны мәселелері бойынша халық арасында түсіндіру жұмысын ұйымдастырады; құзыреті шегінде еңбек көші-қоны саласында ведомстволық статистикалық байқау жүргізеді; құзыреті шегінде еңбек көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды; Қазақстан Республикасының еңбек көші-қоны заңнамасының сақталуына құзыреті шегінде мониторингті жүзеге асырады; өз құзыреті шеңберінде Комитет қызметкерлерімен байланыстарды жүзеге асырады; Басқарманың құзыреті шегінде құжаттарды келіседі; Басқарма басшылығы мен жоғары тұрған мемлекеттік органдар айқындайтын тапсырмалардың уақытыл орындайды; өз құзыреті шегінде Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрлік пен Комитет басшылығының тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жылдарға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарларын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етеді; Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрлік және Комитет басшылығының тапсырмаларын орындау жөніндегі материалдар мен ақпаратты дайындайды; Комитетте мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді; жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбай, Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтайды; Комитет басшылығы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 04.05.2024
- техникалық жазба құралдарын қолдануымен өткізіледі (ZOOM бағдарламасы)
-
74-39-79