#Миграция

ЕХӘҚМ Көші қон комитеті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп көші қон процестеріне қатысты бірқатар мәселелерді қарады
ЕХӘҚМ Көші қон комитеті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп көші қон процестеріне қатысты бірқатар мәселелерді қарады

Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев облыстық басқармалардың басшыларымен кезекті кеңес өткізді.

Кеңес барысында көші-қон саласындағы ағымдағы жағдай және оны дамыту бойынша іске асырылып жатқан іс-шаралар қаралды.

Кандас мәртебесін беруге өтініш беру бөлігінде «e-Qоnaq-Qutty meken» мобильді қосымшасымен жұмыс істеудің жаңа тетіктері түсіндірілді.

Өңірлердің қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдау, шетелдік жұмыс күшін тарту, сондай-ақ бюджет қаражатын игеру жөніндегі өңірлік квотаның орындалуы туралы ақпараты тыңдалды.

Жергілікті атқарушы органдардың басшыларынан қандас мәртебесін беру және ұзарту жөніндегі заңнаманы одан әрі жетілдіру, босқындармен жұмыс және ішкі және сыртқы көші-қон мәселелері бойынша өзге де құқықтық актілер бойынша бірқатар ұсыныстар енгізілді.

Новости
Дата публикации: 09.09.2023
Елордада көші-қон ағынын реттеу және бақылау мәселелері Астана қаласының әкімдігінде талқыланды
Елордада көші-қон ағынын реттеу және бақылау мәселелері Астана қаласының әкімдігінде талқыланды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасовтың төрағалығымен мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен елордадағы көші-қон ағынын реттеу және бақылау мәселелері қаралды.

Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша әзірленген ұсыныстар туралы Астана әкімінің орынбасары Есет Бәйкен хабарлады.

Талқылау қорытындысы бойынша Ақмәди Сарбасов мемлекеттік органдарға көші-қон ағындарын реттеу және бақылау бойынша қосымша ұсыныстар әзірлеуге қатысты тиісті тапсырмалар берді.

Сондай-ақ көші-қон процестерін реттеудің халықаралық тәжірибесін одан әрі зерделеу тапсырылды.

Новости
Дата публикации: 26.07.2023
Көші-қон саясатындағы жаңа тәсілдер талқыланды
Көші-қон саясатындағы жаңа тәсілдер талқыланды

Көші-қон комитетінде Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының мемлекеттік органдарының өкілдерімен онлайн-кеңес өтті.

Жиынға қатысушыларға «Қандас» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі кандастар мәртебесін беру, ұзарту, сондай-ақ шетелдік мекемелер арқылы «Ата жолы» картасын алу бөлігінде функционалдық мүмкіндіктерімен жұмыс істеу бойынша түсіндірмелер берілді.

Сондай-ақ өңірлік квотаның орындалуына қатысты мәселелер қаралды.

Талқылау нәтижесінде Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларына қажетті шараларды қабылдау және жергілікті жерлерде осындай түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылды.

Новости
Дата публикации: 26.07.2023
«Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2023 - 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы» жобасына ақпараттық хабарлама
«Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2023 - 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы» жобасына ақпараттық хабарлама

«Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2023 - 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысының жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің порталында 2022 жылғы 5 қыркүйекте жарияланды. Жобаны қарау үшін келесі сілтеме арқылы өту қажетhttps://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13920265.

Қоғамдық талқылау мерзімі 2022 жылғы 15 қыркүйекте аяқталады.

 

Ақпарат
Дата публикации: 05.09.2022
«Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2023 - 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
«Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2023 - 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

«Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2023 - 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын және Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2023 - 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулысының жобасы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет, біртұтас ұлт, берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 74 тармағы, сондай-ақ «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 маусымдағы Заңының 11-бабының 1) тармақшасы сайкес әзірленді.

Жобаны қабылдаудың мақсаты  «Қазақстан Республикасының шетелде жұмыс істейтін азаматтарының құқықтарын қорғау тетіктерін де көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын әзірлеу».

Қаулы жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.

Қаулы жобасы «Электрон Үкімет» порталының ашық НҚА бөліміне орналастырылды.

Баспасөз релиздері
Дата публикации: 25.08.2022
  • 1