«Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 236 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ПРЕСС-РЕЛИЗ
Осы Қағидалар өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін қарастырады.
Сонымен қатар, бұйрық жобасы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығының 363-тармағына (бұдан әрі – тізбе) сәйкестендіру мақсатында әзірленді.
Бұдан басқа, жобамен мемлекеттік қызметтің кіші түрлерінің атауын тізбемен сәйкестендіру бөлігінде өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін оның біліктілігінің сәйкестігі туралы шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға анықтама беру немесе ұзарту Қағидаларының 2-қосымшасына өзгерістер енгізу қарастырылған.
Аталған өзгерістер құықтық реттеу жүйесін және толықтылығын қамтамасыз етеді.