Қазақстанда 16 мыңнан астам шетелдік азамат еңбек қызметін жүзеге асырады

Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттардың (бұдан әрі – ШЖК) арасында келесі санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарларына – 596 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшыларына – 3137 рұқсат (екінші санат). төртінші (білікті жұмысшылар) санаттары – тиісінше 8037 және 1070 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмысқа 1456 адам, корпоративтік ауысым аясында 1731 адам тартылды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1762 жұмыс беруші бар. Оларда 397 мыңнан астам Қазақстан азаматтары жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 97% - ын құрайды.
Еңбек мигранттары шығатын негізгі елдер: Қытай - 3566 адам, Түркия - 1822 адам, Өзбекстан - 1566 адам, Үндістан - 1724 адам, Ұлыбритания - 1193 адам.
Еске салайық, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетелдік мамандарды тартуға квота белгілеп, бөледі. Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың қаңтар айында отандық ірі бизнес өкілдерімен кездесуден кейін берген тапсырмасын орындау мақсатында, ЕХӘҚМ шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны бұрын жоспарланған 28 352 бірліктен 23 560 бірлікке дейін, яғни 4 792 (16%) бірлікке қысқартты.