«Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы ҚР Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 276 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы №276 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық  жобасын (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) әзірледі.

Бұйрық жобасы оны 2 мемлекеттік қызметпен толықтыруды көздейді:         

1) «Өнімді (химиялық заттарды) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар санатына жатқызу жөніндегі қорытынды беру»;    
2) «Уәкiлеттi органдардың және заңды тұлғалардың есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды тұтыну нормативіне және қамтамасыз ету нормативiне өтiнiмi.

Ол артық әкімшілік кедергілерді жоюға және көрсетілетін қызметті алушылар үшін едәуір қолайлы жағдайлар жасауға, сондай-ақ өтінімдерді қарау мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік береді.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушылар орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар болып табылады.