ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті Салааралық қадағалау бөлімінің бас маманы (ОМН3)
Алматы облысы
236338
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Экономика
- Есеп және аудит
- Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
- Тау-кен ісі
- Мұнай газ ісі
- Машина жасау
- Электр энергетикасы
- Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
- Органикалық заттардың химиялық технологиясы
- Құрылыс
- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
- Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
- Қаржы
- маркшейдрлік ісі
- Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы
Қосымша талаптар
1.Стресске төзімділік, бастамашылық, жауапкершілік, тұтынушыны бағдарлау және ақпараттандыру, адалдық, өзін-өзі дамыту, тиімділік, ынтымақтастық, қызметтік басқару;
2.Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын, тиісті санаттағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі;
3.Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және мемлекеттік тілді білуі;
4.Осы санаттағы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімінің болуы.
Функционалды міндеттер
Бақылаудағы кәсіпорындар мен объектілерде (тау-кен саласында, металлургия саласында, жарылғыш заттар мен жарылғыш материалдар айналымы саласында, өсімдік шикізатын сақтау және қайта өңдеу саласында, мұнай-химия саласында, химия саласында, иондаушы сәулелену көздерімен жұмыстар жүргізетін салада, улы заттарды өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою саласында) өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етеді; прекурсорларды өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою салалары, бөлім құзыреті шеңберіндегі өзге де салалар). Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетеді. Өз құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қауіпті өндірістік объектідегі аварияның салдарынан болған аварияны, жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін ерекше жағдайларда, сот шешімінсіз дара кәсіпкерлердің, қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты ұйымдардың қызметін немесе жекелеген қызмет түрлерін үш күннен аспайтын мерзімге, көрсетілген мерзімде сотқа талап арыз міндетті түрде беріле отырып, тоқтата тұрады немесе тыйым салады. Қауіпті өндірістік объектіде оқу дабылдарын және аварияға қарсы жаттығуларды жүргізуге қатысады. Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды бақылау және қабылдау сынақтарын жүргізу жөніндегі комиссияға қатысады. Заңды және жеке тұлғалардың, қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдардың Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтауына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексінде белгіленген тәртіппен пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі тау-кен жұмыстарының жоспарын келіседі. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді, оның ішінде департамент шегінде электрондық цифрлық жүйелерді қолдана отырып жүргізуді жүзеге асырады. Есептерді, талдау анықтамаларын және т.б. ақпаратты дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы., Талдықорған қ., Қаратал көшесі 141
-
87172274061