ҚР Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Салааралық қадағалау бөлімінің бас маманы
Маңғыстау облысы
263131
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Есеп және аудит
- Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
- Тау-кен ісі
- Мұнай газ ісі
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Органикалық заттардың химиялық технологиясы
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Құрылыс
Қосымша талаптар
1.Стресске төзімділік, бастамашылық, жауапкершілік, тұтынушыны бағдарлау және ақпараттандыру, адалдық, өзін-өзі дамыту, тиімділік, ынтымақтастық, қызметтік басқару;
2.Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын, тиісті санаттағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі;
3.Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және мемлекеттік тілді білуі;
4.Осы санаттағы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімінің болуы.
Функционалды міндеттер
Жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмаларын, кіріс құжаттарын, басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін уақтылы орындауды қамтамасыз ету; қадағалаудағы саланың қауіпті өндірістік объектілеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі жобалау-рұқсат беру құжаттамасын келісу, қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған нормативтік актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; саланың бақылауындағы мекемелердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы заңнама талаптарының сақталуын тексеруді ұйымдастыру және оған қатысу; қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға беру кезінде оны қабылдау сынақтарына, техникалық барлауға қатысады; Қауіпті өндірістік объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы жай-күйінің мониторингін ұйымдастыруға қатысады; Қауіпті өндірістік объектілердің техникалық қайта жарақтандырылуын қалыптастыруды және бақылауды жүзеге асырады; өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі алқалы және ведомствоаралық отырыстарға материалдардың дайындалуын бақылайды. Семинарлар мен кездесулерге материалдар дайындау. Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне және басқа да мемлекеттік органдарға есептер жасау және талдау. Департаменттің Өрт және электр жүйелерінің қауіпсіздігіне жауапты. Ішкі еңбек тәртібінің белгіленген ережелерін сақтау. Қажет болған жағдайда Комитетке және басқа да мемлекеттік органдарға ұсынылатын бөлімнің бақылау-профилактикалық жұмысы туралы, сондай-ақ бөлімнің бақылау-профилактикалық жұмысы туралы жиынтық есептерді жасау. Қызметкерлердің жиналыстарына, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша Министрліктің департаментіне, комитетіне және алқасына материалдар, есептер дайындау. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті. Өрт және электр жүйелерінің қауіпсіздік талаптарын сақтау. Мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті, оның ішінде көлік құралдарын ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсаттарда пайдалану. Департамент басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Маңғыстау обл., Ақтау қ., 3 "Б" ш\а., 16 ғимарат
-
8(7172)274061