ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің Тау-кен металлургия өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік қадағалау бөлімінің басшысы

Аймақ

Ақмола облысы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

126357 - 170599

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Геология
  • Автоматтандыру және басқару
  • Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
  • Тау-кен ісі
  • Металлургия
  • Геодезия және картография
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
  • Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Пайдалы қазбаларды байыту
  • Гидротехникалық құрылыс және ғимарат
  • маркшейдрлік ісі
  • Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы

Қосымша талаптар

1. Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
2.Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;
3.Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу, мемлекеттік тілді білу;
4.Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Функционалды міндеттер

Бөлімнің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру; жетекшілік ететін өнеркәсіп салаларының қауіпті өндірістік объектілеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қадағалау қызметін жүзеге асыру бойынша бөлімнің жұмысын ұйымдастыру; қадағаланатын өнеркәсіп салаларының кәсіпорындарында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының сақталуын тексеруді ұйымдастыру және оған қатысу; мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, өз құзыреті шегінде қауіпті өндірістік объектідегі аварияны, авария салдарынан болған жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыру және оған қатысу; мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру; қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмаларын, кіріс құжаттарын, басшылықтың өкімдерін, бұйрықтары мен тапсырмаларын уақтылы орындауды ұйымдастыру; лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 02.02.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

03.02.2022 – 07.02.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Ақмола облысы., Көкшетау қ., М.Әуезов 230

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)274061