ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Кадр саясаты және ұйымдастыру-бақылау жұмысы басқармасының бас сарапшысы
Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
1.Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
2.Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;
3.Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу, мемлекеттік тілді білу;
4.Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Функционалды міндеттер
Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурстық іріктеуді ұйымдастыру және өткізу, мемлекеттік қызметті өткеруге байланысты шешімдерді ресімдеу; өтілімді белгілеу жөніндегі комиссияның материалдарын дайындау; мемлекеттік қызметшілердің қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өту курстарын жоспарлау және ұйымдастыру; ант беру жөніндегі салтанатты рәсімді өткізу; қызметтік тізімдерді, жеке құрам бойынша бұйрықтарды ресімдеу және іссапарларды есепке алу, Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау жөніндегі жұмыстарды жүргізу; жеке істерді; есептердің барлық түрлерін жасау; материалдық көмек көрсету жөніндегі комиссиялардың қызметін қамтамасыз ету, жыл сайын декларацияны тапсыруды қамтамасыз ету, қызметтік тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу; қызметтік куәліктерді дайындау және беру.
Құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің басшыларымен бірлесіп Комитеттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді әзірлеу; мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеу бойынша үйлестіру және бақылау; Т-2 карточкасының есебін жүргізу; Комитет қызметкерлерінің ҚР ҰҚК органдарында арнайы тексеруден өтуі үшін құжаттар дайындау; жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізу. Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңнаманың талаптарын ескере отырып, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту бойынша жұмыс жүргізу. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарға ықпал ететін алғышарттарды, себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған алдын алу - алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу; Комитет және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері жол берген мемлекеттік қызметке кір келтіретін бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, шағымдары мен өтініштерін қарау. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін құрайтын факторлар туралы ақпаратты жинау және біріктіру. Комитет қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын орындауын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; бекітілген стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың; басшылықтың хаттамалық тапсырмаларының және өзге де құжаттардың көшірмелері қоса беріледі. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, басшылықтың хаттамалық тапсырмаларының және өзге де құжаттардың ақпаратын жинақтау және жинақтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу. Құжаттамалық қамтамасыз ету бойынша белгіленген талаптарға сәйкес іс жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу, басқарма міндеттеріне кіретін басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қ., Адольф Янушкевич к., 2
-
8(7172)24-87-49