ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қаржы және әкімшілік жұмыс басқармасының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Қосымша талаптар

1.Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

2.Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

3.Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу, мемлекеттік тілді білу;

4.Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Функционалды міндеттер

Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу; мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын жасау және бекіту; мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу және МС веб-порталында орналастыру; МС бойынша жоспарды орындау: сатып алынатын қызметтер, жұмыстар туралы нарықтық зерттеулер жүргізу; сатып алу іс-шаралары үшін техникалық құжаттаманы әзірлеуге қатысу; алдағы ашық конкурстар бойынша конкурстық құжаттаманы әзірлеу; тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық комиссиялардың құрамы туралы бұйрықты дайындау; МС веб-порталында МС жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және МС веб-порталында орналастыру; өткізілген сатып алу қорытындылары бойынша есептілікті жасау және тапсыру; жеткізушілермен шарттар жасасу; Қазынашылық-Клиент жүйесі арқылы қазынашылық органдарында шарттарды тіркеу; Комитеттің есептеу және ұйымдастыру техникасының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету; ақпараттық технологиялардың қолданылуын бағалау жөніндегі жұмыстарға қатысуды ұйымдастыру ; Комитет қызметінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету (жалпы ұйымдастыру мәселелерін әкімшілендіру); орындалған жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің актілерін келісу және қол қою; бухгалтерлік есепті, есептілікті жүргізу; Комитеттің бюджеттік бағдарламаларын орындау және олар бойынша бухгалтерлік есепті бағдарламалық қамтамасыз етуде көрсету 1 С Бухгалтерия; жеткізушілермен есеп айырысу, Комитеттің қаржыландыру жоспарына сәйкес тауарларды, көрсетілетін қызметтерді және жұмыстарды төлеу; іс-шаралар бойынша басшылықпен және жауапты тұлғалармен орындалған жұмыстардың актілерін, шот-фактураларды келісу және қол қою; Комитет қызметкерлерінің жалақысын, қосымша және өтемақы төлемдерін, зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, өзге де салықтарды, іссапар шығыстарын есептеу және аудару; үнемдеуді талдау және есептеу, сондай-ақ бюджетті нақтылағаннан кейін Комитеттің және аумақтық бөлімшелердің қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге өтінімдер қалыптастыру; Комитеттің және аумақтық бөлімшелердің бюджет қаражатын орындау жөніндегі ақпаратты және басқа да есептілікті жасау, жинақтау және салыстырып тексеру; комитеттің және аумақтық бөлімшелердің бухгалтерлік есебіне сәйкес ай сайынғы, тоқсандық, жылдық есептілікті жинақтау және; комитеттің бухгалтерлік және құрылтай құжаттарының сақталуына бақылауды қамтамасыз ету; бағдарламалық қамтамасыз етуде бастапқы бухгалтерлік құжаттарды тарату "1С:бухгалтерия 8.1."; комитеттің депозиттік шотын жүргізу; Комитет активтерінің бухгалтерлік есебін жүргізу; негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, тауарлық-материалдық құндылықтарды және Комитеттің өзге де қорларын есепке алуды, кіріске алуды, есептен шығаруды, олардың орнын ауыстыруды жүргізу; Комитеттің және аумақтық бөлімшелердің активтері мен арзан бағалы және тез тозатын заттарына жыл сайынғы (жоспарлы және жоспардан тыс) түгендеу жүргізу және оған қатысу; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және басқа да заңды және жеке тұлғалармен хат алмасуды жүзеге асыру. Басқарма міндеттеріне кіретін өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 18.11.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.11.2021 – 23.11.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қ., Адольф Янушкевич к., 2

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)24-87-49