Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Салааралық қадағалау бөлімінің басшысы
Түркістан облысы
126357 - 170599
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
- Тау-кен ісі
- Металлургия
- Электр энергетикасы
- Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- маркшейдрлік ісі
Функционалды міндеттер
Басшылық ету, бөлім қызметін ұйымдастыру, қызметтің белгілі бір саласы мен бағыттары бойынша талдау және бақылау жүргізу, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік мониторингін жүргізу; өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларға сәйкес Бөлім жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асыру; бақылаудағы кәсіпорындар мен объектілерде (тау-кен саласы, металлургия саласы, жарылғыш заттар мен жарылғыш материалдар айналымы саласы және бөлім құзыреті шеңберінде өзге де салаларда) өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету); Бөлім құзыреті шегінде Министрліктің стратегиялық функцияларын және Комитеттің және Департаменттің жұмыс жоспарларын орындауға қатысады; әрбір тоқсанға жұмыс жоспарын дайындау, жоспарланған жұмыстарды мерзімінде орындау, олардың қорытындылары бойынша апталық, айлық, тоқсандық және жылдық есепті, бөлім мен Департаменттің анықтамасын дайындау; мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді; Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді.; Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, өз құзыреті шегінде аварияға, қауіпті өндірістік объектідегі аварияның салдарынан болған жазатайым оқиғаларға қатысады, ұйымдастырады және тергеп-тексеру жүргізеді; Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін ерекше жағдайларда, сот шешімінсіз дара кәсіпкерлердің, қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды пайдаланумен байланысты ұйымдардың қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін үш күннен аспайтын мерзімге, көрсетілген мерзімде міндетті түрде сотқа талап арыз бере отырып тоқтата тұрады немесе тыйым салады; қауіпті өндірістік объектіде оқу дабылдарын және аварияға қарсы жаттығуларды жүргізуге қатысады; Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды бақылау және қабылдау сынақтарын жүргізу жөніндегі комиссияға қатысады; заңды және жеке тұлғалардың, қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдардың Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтауына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады; "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі тау-кен жұмыстарының жоспарын келіседі;»; Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді, оның ішінде департамент шегінде электрондық цифрлық жүйелерді қолдана отырып жүргізуді жүзеге асырады; Департаменттің есептерін, талдамалық анықтамаларын және т.б. ақпаратты дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
Дербес компьютерде жұмыс істе білуі (WORD, Excel,Internet), электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі «ЭҚАБЖ» бағдарламасымен, «Е-лицензиялау» және «Е-қызмет» автоматтандырылған бірынғай ақпараттық жүйелерімен, Әкімшілік құқық бұзушылықты есепке алудың ӘІБТ, Web-АП базасы бағдарламасымен, «Электрондық жоспарлау» және «Тексерулерді электрондық тіркеу» платформасымен жұмыс істей білуі.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 01.10.2021
- Түркістан облысы, Түркістан қ., Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 16 ғимарат
-
87058497789