ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Қазандық, газ шаруашылықтары және көтергіш құрылыстар объектілерін мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы (ҚГШЖКҚОМБЖҚБ-3)
Шымкент қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Құқықтану
- Автоматтандыру және басқару
- Мұнай газ ісі
- Машина жасау
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Аспап жасау
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
- Органикалық заттардың химиялық технологиясы
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
- Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы
- Көлік құрылысы
- Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
Қосымша талаптар
- Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
2.Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;
3.Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу, мемлекеттік тілді білу;
4.Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Функционалды міндеттер
Жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмаларын, кіріс құжаттарды, басшылықтың өкімдерін, бұйрықтарын және тапсырмаларын уақтылы орындауды қамтамасыз ету;қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау; өнеркәсіп салаларының қадағаланатын кәсіпорындарында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарын сақтау бойынша тексерулерді ұйымдастыру және қатысу; мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, өз құзыреті шегінде қауіпті өндірістік объектідегі аварияны, авария салдарынан болған жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыру және жүргізуге қатысу; мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тәртібін анықтайтын заңға тәуелді норматвитік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету; өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша алқа және ведомствоаралық жиналыстар өткізу үшін материалдар дайындауды қамтамасыз ету; лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Шымкент қ., Гагарин көш., 86 үй (онлайн-ZOOM)
-
87172248749