«РИП-газ» ЖШС тексеру нәтижелері

«РИП-газ» ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылдың екінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «РИП газ» ЖШС-нің қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі сұйытылған көмірсутекті газдарды құюға теміржол вагон-цистерналарын дайындау, зауыттық және деполық жөндеуге, сақтандыру және тиек арматурасын жөндеуге дайындау, вагон-цистерналарды техникалық куәландырудан өткізу болып табылады.

Тексеру барысында 10 объекті (қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар, газ шаруашылығы және газбен жабдықтау жүйелерінің объектілері) тексерілді, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 13 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі және 306-бабы 4-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жазалар салынды

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:

- өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды есепке қою жүзеге асырылмағандығы;

- көпірлі кранды орнатуға және жүк көтергіш кранның кран рельсті жолын орнатуға жобалық құжаттаманың болмауы;

- сыртқы газ құбырларына, газ реттеу пункттеріне пайдалану паспорттарының, сондай-ақ жүргізілген жөндеу жұмыстары туралы деректердің болмауы болып табылады.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптардың» және «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті

Қызмет бағыты