ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қазақ тау-кен қадағалау басқармасының құрылғанына 100 жыл толғанын атап өтуде

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қазақ тау-кен қадағалау басқармасының құрылғанына 100 жыл толғанын атап өтуде.

Салтанатты шараға Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, ТЖМ басшылары мен қызметкерлері, азаматтық қорғау ардагерлері мен өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдері қатысады.

Іс-шара барысында азаматтық қорғау ардагерлеріне мерейтойлық наградаларды табыстау, «Жылдың үздік мемлекеттік инспекторы» конкурсының жеңімпаздарын, «Менің ата-анам өнеркәсіптік қауіпсіздік саласының қызметкері» балалар арасындағы суреттер конкурсының жеңімпаздарын жариялау жоспарлануда.

Өткізу күні мен уақыты:2022 жылғы 9 маусым, сағат 09: 00 (тіркеу).

Өтетін орны: Нұр-сұлтан қ., «Wyndham Garden Astana» қонақ үйі, «Алтай» конференц-залы.

Оқиға күні

09 маусым 2022

Өткізу орны

Нұр-Сұлтан қ., «Wyndham Garden Astana» қонақ үйі, «Алтай» конференц-залы

Оқиға түрі

Басқа