«Жітіқара ауданы әкімінің аппараты» ММ жұмылдыру дайындығы, төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы
Жітіқара ауданының әкімдігі
Қостанай облысы
380391
Жалпы біліктілік талаптары
Е-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Инженерия және инженерлік іс
- Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс (білім беру саласы)
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
Функционалды міндеттер
А блогы. Бөлімге жалпы басшылықты, ауданның атқарушы органдары мен әкім аппараты арасындағы ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысты жүзеге асырады. Жұмылдыру, төтенше жағдай, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында ауданның әкімшілік аумағы шегінде азаматтық қорғаныс іс-шаралары кешенін ұйымдастыруды, басқару органдары мен ұйымдарын жұмыс істеуге ауыстыруды қамтамасыз етеді. Аудан әкімдігі қаулыларының, аудан әкімі, терроризмге қарсы комиссия төрағасы шешімдерінің, өкімдерінің, тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Азаматтық қорғаныстың аудандық кіші жүйесінің жұмыс істеуін және оны одан әрі дамытуды жүзеге асырады. Азаматтық қорғаныстың аудандық кіші жүйесін құруда және басқаруда өз құзыреті шегінде әдістемелік басшылықты жүзеге асырады. Жұмылдыру дайындығы бойынша жоспарларды әзірлейді, әскери басқарудың жергілікті органдарына олардың бейбіт уақыттағы және жұмылдыру жарияланған кездегі жұмысына көмек көрсетеді. Азаматтық және аумақтық қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға қатысады, оларды орындауды қамтамасыз етеді. Терроризмнің алдын алу саласындағы жағдайдың дамуына әсер ететін аудандағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өзге де үдерістер туралы ақпаратты талдайды. Ауданның терроризмге қарсы комиссиясы мүшелерінің қызметін үйлестіреді, терроризмге қарсы комиссияның Облыстың терроризмге қарсы комиссиясының жұмыс органымен өзара іс-қимылын жүзеге асырады. Төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға жұмсалған материалдарды есептен шығаруға арналған актілерді келіседі. Заңнамаға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Оларды қарау сапасына және қаралатын өтініштер бойынша мәселелер мен қабылданған шешімдердің сипатын дұрыс толтыруға жауапты болады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
zhitikara@kostanay.gov.kz
- «Жітіқара ауданы әкімінің аппараты» ММ, Қостанай облысы, Жітіқара қаласы, 6-шағын аудан, 65-үй
-
8 (71435) 2-28-96, 8 (71435) 2-20-53