«Қамысты ауданы әкімдігінің Қамысты ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ сектор мегерушісі
Қамысты ауданының әкімдігі
Қостанай облысы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
E-G-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі мынадай талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
Функционалды міндеттер
В блогы
Ауылдық округ ауылдарының жергілікті қоғамдастық жиындарының, жиналыстарының өткізілуін қамтамасыз етеді. Ауылдық округ әкімінің шешімін, өкімін орындаушыларға уақытында жеткізеді және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Ауылдық округ әкімінің баяндамаларының жобаларын дайындайды. Ауылдық округ әкімі аппаратының жұмыс жоспарын, сондай-ақ мемлекеттік мекемеге қажетті бағдарламаларды, стандарттарды әзірлейді. Әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасылардың есебін және мониторингін жүргізеді. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша учаскелік комиссияның қызметін ұйымдастырады және аз қамтамасыз етілген отбасылардың тұрғын үй – тұрмыстық жағдайын тексеру бойынша құжаттарды ресімдейді, ауылдық округте кедейшілік пен жұмыссыздықты төмендету бойынша іс-шараларды іске асырады. Ауылдық округтің төлқұжатын және ауылдық округ жастарының төлқұжатын жасайды. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі және отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссиялардың жұмысына жәрдемдеседі, мектептермен өзара іс-қимыл жасайды, қамқорлыққа мұқтаж балаларға көмек ұйымдастырады және көрсетеді. Сайлаушылар мен халық санының динамикасын есепке алады, сайлау органдарын сайлауға әр түрлі құжаттарды, анықтамалар мен есептерді дайындайды, учаскелік сайлау комиссияларын қалыптастыруға қатысады. Ауылдық округ әкімі аппараты қызметкерлерінің тәртіп, лауазымдық міндеттерді орындау мәселелері бойынша жұмысын бақылайды. Қосалқы қызметкерлердің жұмыс көлемін құрады және жұмыстардың орындалу барысын бақылайды, сондай-ақ ай сайынғы есепті, қосалқы қызметкерлер бойынша мәліметтерді дайындайды. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларын алу үшін көп балалы аналарға құжаттар дайындайды. Мемлекеттік органдардың сұрауы бойынша азаматтарға тұрмыстық сипаттамаларды жасайды. Ауылдық округте абаттандыру ережелерін сақтау бойынша жұмысты ұйымдастырады. Округ әкімінің тапсырмасы бойынша басқа да жұмыстарды орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.zhalayshibaeva@kostanay.gov.kz
- 18.12.2024
- Қамысты ауданы, Қамысты а., Ержанов, 61 к-сі.
-
87143721337