«Лисаков қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Лисаков қаласының әкімдігі

Аймақ

Қостанай облысы

Санат

Е-3 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

Е-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқық

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Құқықтық жұмыс бөліміне басшылықты жүзеге асырады.  Қала әкімдігінің қабылданатын қаулыларының, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, қала әкімі аппараты басшысының бұйрықтарының заңдылығының сақталуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қала әкімдігі қаулыларының және қала әкімі өкімдерінің жобаларын ресімдеудің дұрыстығына бақылауды жүзеге асырады. Әкімдіктің және қала әкімінің нормативтік құқықтық актілерін әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жібереді. Нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануын бақылауды жүзеге асырады. Нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізеді. Қабылданған актілердің тізбесін әділет органдарына жібереді. Мүдделі құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, заңдық сипаттағы құжаттардың жобаларын дайындауды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес олардың заңдылығын қамтамасыз етеді. Құқықтық мәселелерді қарау кезінде соттарда, прокуратурада, ішкі істер органдарында және басқа мекемелерде қала әкімінің және қала әкімі аппаратының мүдделерін білдіреді. Қала әкімдігінің талап-арыз қызметіне мониторингті жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану бойынша құқықтық оқуды ұйымдастырады. Құқықтық бағыттағы әкімдіктің консультативтік-кеңесші органдарының қызметін ұйымдастырады. Мемлекеттік бағдарламаларды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру жөніндегі жоспарларды; құқық бұзушылықтардың профилактикасын; адам саудасына байланысты қылмыстарды; мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлерін жоғары тұрған органдарға әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілері туралы есепті ақпараттың уақтылы берілуін бақылауды жүзеге асырады. Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның қызметіне, оның ішінде хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылау тұрғысынан талдау жүргізеді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды жалпы іске асыруды және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жүзеге асырады. Қала кәсіпорындарына, мекемелеріне, ұйымдарына және тұрғындарына құқықтық көмек көрсетеді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 28.08.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.08.2023 – 01.09.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Лисаков қ., Мир көш., 31, 17-каб

Анықтама алу үшін байланыс

8 (71433) 3-84-11