негізгі жұмыскердің жүктілікке және босануға байланысты 2023 жылғы 5 маусымға дейін демалыс кезеңіне «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ егін шаруашылығы және озық технологиялар бөлімінің бас маманы
Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы
Қостанай облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Бизнес және басқару
- Биологиялық және сабақтас ғылымдар
- Қоршаған орта
- Өндірістік және өңдеу салалары
- Сәулет және құрылыс
- Ауыл шаруашылығы және биоресурстар (білім беру саласы)
Функционалды міндеттер
Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау) бойынша АӨК субъектілерін лицензиялау бойынша, пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу және ауыл шаруашылығы мақсатындағы объектілерде пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің зиянкестері мен ауруларына қарсы қызметті жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жүзеге асырады. Жергілікті атқарушы органның 741-029 «ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянды организмдеріне қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар», 741-018 «пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру» бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша іс-шараларды жүзеге асырады. Жергілікті атқарушы органның 741-019 «инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі қызметтер» бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша іс-шараларды жүзеге асырады. Комиссия, жұмыс топтары құрамында жарамсыз пестицидтерді және олардың ыдыстарын көму жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға және бөлім қызметінің бағыты бойынша өзге де комиссияларға қатысады. Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің жаңа озық технологияларын іске асыруға мониторинг жүргізеді, оларды облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдарына енгізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.Аудан әкімдіктеріне АӨК субъектілерін қаржыландыру, астық сатып алу жөніндегі мәліметтерді жеткізеді, нормативтік-құқықтық құжаттарды дайындайды және т.б. Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге облыс АШТӨ кредит беру бойынша мониторинг жүргізеді. Егіншіліктегі ағымдағы жағдай туралы жедел ақпарат жасайды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының вегетациясы кезеңінде шөгінділер туралы ақпаратты жинау мен дайындауды жүзеге асырады. Облыстың АӨК саласында өсімдіктерді қорғау құралдарын қолдану мониторингін жүргізеді. Өсімдіктерді зиянкестер мен аурулардан, арамшөптерден қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргізу туралы ақпарат жинауды жүзеге асырады. Өсімдіктерді қорғау саласындағы жаңа әзірлемелер, технологиялар бойынша АШТӨ арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.Мүдделі тұлғаларға өсімдіктерді қорғау саласындағы нормативтік актілер және фитосанитариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді қамтамасыз етеді, зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық мониторинг жүргізу жөнінде әдістемелік көмек көрсетеді. Жоғары тұрған инстанциялардың сұрауларына ақпараттар, жауаптар дайындауды, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарауды және олар бойынша жауаптар дайындауды жүзеге асырады.Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған бөлім басшысының, орынбасарларының және басқарма басшысының басқа да тапсырмаларын орындайды. Өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы басшылықтың назарына немесе Құқық қорғау органдарына хабарлайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
d.shukenova@kostanay.gov.kz
- Қостанай қ., Әл-Фараби д., 66
-
8714-2 54-17-18