Штаб отырысы өтті

Штаб отырысы өтті

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және салдарын жою жөніндегі облыстық штаб отырысында қала және аудан әкімдерінің, күш құрылымдары басшыларының мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау барысы туралы баяндамаларын тыңдады.
Қорғаныс құрылыстарын нығайту, су басқан аумақтардан адамдарды эвакуациялауды ұйымдастыру, сондай-ақ оларды сумен, азық-түлікпен және қажетті заттармен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларды жандандыру бойынша шешімдер қабылданды.
Штабтың негізгі мақсаты-су тасқынына қарсы іс-шаралар жөніндегі қызметті үйлестіру және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.