Қостанай облысында «Дипломмен – ауылға!» жоба аясында 421 маманға көтерме жәрдемақы төленеді.

Қостанай облысында «Дипломмен – ауылға!»  жоба аясында 421 маманға көтерме жәрдемақы  төленеді.

«Дипломмен - ауылға!» жобасын іске асыру мәселесі бойынша облыс әкімдігінің отырысында талқыланды.

Бұл жоба денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт, агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы ауылдық елді мекендердің кадрлық тапшылығын жоюға бағытталған.

Жобаны іске асыру барысы туралы Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлбарам Мусагазина баяндады.

«Жоба іске асырыла бастағаннан бері (2009 жылдан бастап) ауылдық жерлерге 5,1 мыңнан астам маман келді», - деп атап өтті спикер.

Іске асыру жылдарында жоба аясында 6,1 млрд.теңге, оның ішінде көтерме жәрдемақы төлеуге–618,0 млн. теңге, тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредиттер беруге–5,5 млрд. теңге бөлінді.

Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредиттердің көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 55% - ға ұлғайды-1 млрд.495,2 млн. теңгені құрады.

359 қызметкерді несиелеу жоспарлануда.

«421 маманға 117,0 млн.теңге көлемінде көтерме жәрдемақы қарастырылған», - деді Гүлбарам Мусагазина.