Батырлар-біздің арамызда

Батырлар-біздің арамызда

Бүгін облыс әкімі Қ. Ақсақалов ТЖД жауынгері Ержан Тұралинге барды.
Бүгін түнде Қостанайдағы бір қабатты жеке 4 пәтерлі тұрғын үйде 70 ш. м. алаңда өрт болды. Барлау барысында жанып жатқан пәтердің ішінде үй иесі бар екендігі анықталды. Осылайша, адамды құтқару үшін жанып жатқан үйге кіру туралы шешім қабылданды. Қостанай қаласының № 6 өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің командирі азаматтық қорғау аға сержанты Тұралин Ержан Серғалиұлы басқарған топ адамды құтқару және өртті сөндіру үшін жанып жатқан үйге кіргенде, газ баллоны жарылып, Е. С. Тұралин жарақат алды. Өрт сөндіруші Қостанай қалалық ауруханасына жатқызылды.
Газ-түтіннен қорғау қызметінің буынын басқарған жауынгер газ баллонының жарылыс екпінін өз денесімен жауып, ерлік көрсетті. Ол бұған дейін де 6 жасар қызды өрттен құтқарып көзге түскен еді.
Облыс әкімі жауынгерге өз ісіне адалдығы үшін алғысын білдіріп, тезірек сауығып кетуін тіледі.