Қарасу ауданының агроөнеркәсіп кешенінің даму қорытындылары туралы

Қарасу ауданының агроөнеркәсіп кешенінің даму қорытындылары туралы

2018 жылғы 22 қарашасы күні сағат 11:00-де Қостанай облысы Өңірлік коммуникация қызметінде «Елбасы Жолдауы аясында және Президенттің бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру барысындағы Қарасу ауданының агроөнеркәсіп кешенінің даму қорытындылары туралы» тақырыбында пресс-конференция өтті.
Спикерлер: Ионенко Виктор Николаевич – Қарасу ауданының әкімі, Дарбаев Серик Зейнелхамитович - «КараманК» ЖШС Директоры.

Аудан бойынша ағымдағы жылдың 10 айы ішіндегі ауылшаруашылық өнімін жалпы шығарылымы 42 млрд. 298 млн. теңген құрады.

Облыстың жалпы өнім шығару көлемінде аудан үлесі 12%, құрайды (облыс бойынша – 352,7 млрд. теңге), ол облыс аудандары ішіндегі бірінші көрсеткіш.

Аудан үшін басымды бағыт мал шаруашылығы саласын дамыту болып қалып отыр.

Мал шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы – 7,7 млрд. теңгені құрады. Облыстың жалпы ауылшаруашылығы өнімін шығару көлемінде 3 орынға ие болып отырмыз. Барлығы 8,3 тонна ет өндірілді, ол облыста екінші көрсеткіш болып табылады.