Бүгін Архимед Мұхамбетов Қостанай ауданында газ тарату станциясының құрылысын тексерді.

Бүгінгі күні өнімділігі 150 000 м3/сағ АГТС-150 құрылысы жүргізілуде, бұл Қостанай ауданының «Бәйтерек», «Астана», сондай-ақ Қостанай қаласының «Қонай» шағын аудандарын газдандыруға мүмкіндік береді.
Магистральдық газ құбырының жалпы ұзындығы-401,5 м, ал жоғары қысымды газ құбыры-17,5 м.
Нысанның құны 3,9 млрд. теңгені құрайды.
Өңір басшысы аталған АГРС құрылысы Қостанай және Алтынсарин аудандарының ауылдарын қосымша газдандыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Бұдан басқа, алдағы уақытта Ұзынкөл, Меңдіқара және Сарыкөл аудандарының аудан орталықтарын қамтамасыз ететін болады.