Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің «Наурыз» мейрамымен құттықтау сөзі

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің «Наурыз» мейрамымен құттықтау сөзі

Құрметті қостанайлықтар!

 

        Сіздерді Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

        Көктемнің бұл мерекесі – көптеген ғасырлар бойы табиғаттың жаңаруын бейнелейтін, жылылық пен құт-берекенің бастауын білдіретін жылдың ең маңызды күндерінің бірі.

        Адамдар Наурыз мейрамын ашық-жарқын көңілмен қарсы алып, бір-біріне жүрек түкпіріндегі ең жақсы тілектерін білдіреді.

        Дәл осы күні біздің ата-бабаларымыз жаңа жақсылықтарға үміттенген және жарқын болашаққа жоспар құрған, шұғылалы көктемнің келуіне шын қуанып, ақ дастарқанын жайып, өкпе-реніштерін кешіріп татуласқан.

        Бүгінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бейбітшілік пен келісімге негізделген дана саясатының арқасында, Наурыз мейрамы ұлты мен дініне қарамастан Қазақстанда тұратын барлық этнос өкілдерінің ұлттық мерекесі ретінде тойланады.

        Наурыз мейрамы қазақстандықтар үшін бауырмалдық пен тұрақтылықтың айрықша нышанына айналды.

       

Қадірменді жерлестер!

 

       Сіздерге көктемгі көтеріңкі көңіл-күй, мықты денсаулық, амандық, бақыт пен молшылық тілеймін!

       Наурыз мейрамы құтты болсын!

 

   Қостанай облысының әкімі                             А. Мұхамбетов