Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласындағы "BAQYT" нейрореабилитациялық орталығына барды

Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласындағы "BAQYT" нейрореабилитациялық орталығына барды

Қостанайда ересектерге арналған жаңа нейрореабилитациялық орталық ашылды. Тәуліктік стационар неврология және нейрохирургия бағыттары бойынша пациенттер үшін 36 орынға есептелген. Мұнда инсульттан, операциядан кейін омыртқааралық грыжаларды алып тастау, миға операция жасау, спиноздан кейінгі жағдайлар және т. б. отадан соң науқастар дәрігерлердің көмегін алады.
Бүгінгі күні Қостанай облысында 2,5 мыңнан астам тұрғын оңалтуға мұқтаж. 36 орынның 22-сі МӘМС аясында жұмыс істеуге бөлінген. Жобалық қуаттылығы айына 72 пациентті құрайды.
Жобаға 150 млн. теңге жеке инвестициялар жұмсалды, 14 жаңа жұмыс орны ашылды.
Пациенттерді емдеу шараларын тіркеу үшін ақпараттық жүйе қолданылады.
Медициналық орталықта пациенттердің еңбекке қабілеттілігі мен денсаулығын қалпына келтіру бойынша медициналық, психологиялық, педагогикалық және кәсіптік шаралар кешені жүргізіледі.

Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі