Меню

Страницы

Статья

Орталық тәрбиеленушілеріне қаржылық сауаттылық жайлы ақпарат берілді

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Жанұя» орталығының тәрбиеленушілерімен «Дроптарға қарсы іс-қимыл және жастардың қаржылық қауіпсіздігін арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Кездесу барысында Қостанай облысы бойынша ЭТТД қызметкерлері жасөспірімдерге кең таралған алаяқтық схемалары жайлы айтып беріп, тәжірибеден алынған нақты мысалдармен бөлісті және қылмыскерлердің құрбаны болмаудың жолдары бойынша ұсыныстар берді.

“Іс-шараның көздегені  өскелең ұрпаққа заңсыз қаржылық схемаларға тартылу тәуекелдері туралы, соның ішінде қылмыстық әрекеттерді жасыру үшін банк шоттары мен өзге де қаржылық құралдар ресімделетін «дроптар» деп аталатын тұлғаларды пайдалану тәжірибесі туралы ақпарат беру”, – дейді Экономикалық тергеу департаментінің Қостанай облысы бойынша жедел уәкілі Әсемгүл Балжақаева.

Жеке деректерді, цифрлық әмияндарды және банк карталарын қауіпсіз пайдалану тақырыбына ерекше көңіл бөлінді. Дөңгелек үстелге қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, пікірлерін білдіріп, өмірден алынған жағдайларымен бөлісті. Кездесу соңында қатысушыларға қаржылық сауаттылық пен цифрлық кеңістікте қауіпсіз мінез-құлық бойынша ақпараттық жадынамалар мен парақшалар таратылды.

Жастармен профилактикалық жұмыс жүргізу – Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметіндегі басым бағыттардың бірі. Мұндай іс-шаралар жасөспірімдердің қаржылық әрекеттеріне деген жауапкершілікті көзқарасын қалыптастыруға және қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға ықпал етеді.

Дата публикации
18 апреля 2025
Дата обновления
18 апреля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

15 октября 2026
2026 жылғы III тоқсандағы қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялар бойынша жиынтық деректер
15 октября 2026
14 октября 2026

Социальные медиа

Қостанай Облысының Әкімшілігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы