
2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қостанай облысының кәсіпорындары 2 071,7 млрд теңге сомасына өнеркәсіп өнімдерін өндірді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштен 1,4%-ға төмен (2025 ж. қаңтар-шілде – 2 100,8 млрд теңге). НКИ – 101,5%.
Өңір өнеркәсібінің құрылымында өңдеу өнеркәсібіне 72,6%, тау-кен өндіру секторына – 23,4% (электрмен жабдықтау – 3,1%, сумен жабдықтау – 0,9%) келеді.
Тау-кен өндіру кәсіпорындары 2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында 483,7 млрд. теңге сомасына өнім өндірді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштен 10,6%-ға төмен (2025 жылғы қаңтар-тамыз – 540,6 млрд теңге). НКИ – 91,1%.
Құрамында алтыны бар кенді өндіру 18,0%-ға (2025 ж. қаңтар-тамыз – 1 744,7 мың тонна, 2026 ж. қаңтар-тамыз – 2 059,2 мың тонна), мыс кенін өндіру 91,4%-ға (2025 ж. қаңтар-тамыз – 59,6 мың тонна, 2026 ж. қаңтар-тамыз – 114,1 мың тонна), түйіршіктер өндіру 3,1%-ға (2025 ж. қаңтар-тамыз – 3 838,1 мың тонна, 2026 ж. қаңтар-тамыз – 3 955,6 мың тонна) ұлғайтылды.
Сонымен қатар, темір кенін өндіру 8,7%-ға (2025 ж. қаңтар-тамыз – 16 928,8 мың тонна, 2026 ж. қаңтар-тамыз – 15 461,4 мың тонна), боксит өндіру 11,9%-ға (2025 ж. қаңтар-тамыз – 3 217,6 мың тонна, 2026 ж. қаңтар-тамыз – 2 836,1 мың тонна), асбест өндіру 3,4%-ға (2025 ж. қаңтар-тамыз – 170,8 мың тонна, 2026 ж. қаңтар-тамыз – 165,0 мың тонна), темір кені концентратын өндіру 14,6%-ға (2025 ж. қаңтар-тамыз – 4 189,2 мың тонна, 2026 ж. қаңтар-тамыз – 3 576,7 мың тонна), мыс концентраттарын өндіру 50,8%-ға (2025 ж. қаңтар-тамыз – 6,3 мың тонна; 2026 ж. қаңтар-тамыз – 3,1 мың тонна) төмендеді.
Анықтама: өнім өндіру көлемдері кәсіпорындар мен статистика органдарының паспорттық деректерінен алынды.
2026 жылғы қаңтар-шілде айларында өңдеу кәсіпорындары 1 505,1 млрд. теңге сомасына өнім өндірді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,0%-ға жоғары (2025 ж. қаңтар-шілде – 1 489,7 млрд теңге). НКИ – 105,2%.
Өңдеу өнеркәсібінің ең үлкен үлесі 3 саладан қалыптасады: машина жасау (НКИ – 109,3%, 747,6 млрд. теңге, саладағы үлесі – 49,7%), тамақ өнімдерін өндіру (НКИ – 106,5%, 337,7 млрд. теңге, саладағы үлесі – 22,4%), металлургия өндірісі (НКИ – 104,9%, 330,4 млрд. теңге, саладағы үлесі – 22,6%).
Өндірілетін өнім көлемінде автомобильдер өндірісі 12,2%-ға (2025 ж. қаңтар-тамыз – 53 376 дана, 2026 ж. қаңтар-тамыз – 59 909 дана), комбайндар өндірісі 2 есеге (2025 ж. қаңтар-тамыз – 169 дана, 2026 ж. қаңтар-тамыз – 331 дана), өңделмеген алтын өндірісі 13,5%-ға (2025 ж. қаңтар-тамыз – 3 050,9 кг, 2026 ж. қаңтар-тамыз – 3 463,4 кг) ұлғайтылды.
Тракторлар өндірісі (2025 ж. қаңтар-тамыз – 2 390 дана, 2026 ж. қаңтар-тамыз – 1 930 дана), болат прокатын өндіру 4,2%-ға (2025 ж. қаңтар-тамыз – 292,0 мың тонна, 2026 ж. қаңтар-тамыз – 280,0 мың тонна) төмендеді.
Анықтама: өнім өндіру көлемдері кәсіпорындар мен статистика органдарының паспорттық деректерінен алынды.