Өнеркәсіп

2026 жылғы қаңтар-қазан айларында Қостанай облысының кәсіпорындары 2 667,2 млрд. теңге сомасына өнеркәсіп өнімдерін өндірді, НКИ – 102,0%.
Өңір өнеркәсібінің құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесі 73,2%-ды, тау-кен өндіру секторының үлесі 22,9%-ды құрайды (электрмен жабдықтау – 3,1%, сумен жабдықтау – 0,8%).
2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында тау-кен өндіру кәсіпорындары 609,5 млрд. теңге сомасына өнім өндірді, НКИ – 92,0%.
Құрамында алтын бар кенді өндіру 13,8%-ға, мыс кенін өндіру 38,0%-ға, шекемтастар өндірісі 3,5%-ға ұлғайды.
Сонымен қатар, темір кенін өндіру 1,3%-ға, боксит өндіру 16,8%-ға, асбест өндіру 4,7%-ға, темір кені концентратын өндіру 12,8%-ға, мыс концентраттарын өндіру 42,3%-ға төмендеді.
Анықтама: өнім өндіру көлемдері статистика органдарының деректері негізінде алынған.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары 1 953,7 млрд. теңге сомасына өнім өндірді, НКИ – 105,7%.
Өңдеу өнеркәсібінің негізгі үлесін үш сала құрайды: машина жасау (НКИ – 109,3%, 978,9 млрд теңге, саладағы үлесі – 50,1%), тамақ өнімдерін өндіру (НКИ – 108,1%, 445,5 млрд теңге, саладағы үлесі – 22,8%), металлургиялық өндіріс (НКИ – 105,6%, 413,3 млрд теңге, саладағы үлесі – 21,2%).
Өндірілетін өнімдер бойынша автомобиль өндірісі 14,9%-ға, комбайн өндірісі 50,8%-ға, жатка өндірісі 25,4%-ға, өңделмеген алтын өндірісі 13,1%-ға, шойын өндірісі 78,9%-ға ұлғайды.
Трактор өндірісі 19,4%-ға, болат прокатын өндіру 3,2%-ға төмендеді.
Анықтама: өнім өндіру көлемдері статистика органдарының деректері негізінде алынған.
Құжаттар
Барлық құжаттарЖаңалықтар
Барлық жаңалықПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 22 қазан 2026АқпаратӨнеркәсіп
- 17 қараша 2022Біз туралы БАҚ"БелМаг" ғылыми-өндірістік бірлестігі АҚ сапары

