2021-2025 жылдарға арналған «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» Ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі облыстық даму жоспарына 12 көрсеткіш енгізілді.Бүгінгі таңда 6 көрсеткіш асыра орындалды, қалған 6 көрсеткіш бойынша жұмыс жүргізілуде.
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы білікті кадрлар саны» көрсеткіші 217%-ға асыра орындалды (жоспар-135 түлек, факт-293).
Мектептегі білім беру деңгейінде жоспарға «Цифрлық форматқа ауыстырылған оқулықтардың үлесі» көрсеткіші енгізілді. Оқулықтардың 100% электронды форматқа көшірілді (жоспар 85%).
«Интернетпен қамтамасыз етілген орта білім беру ұйымдарының үлесі» материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету бойынша көрсеткішке қол жеткізілді. 2022 жылы 367 ауыл мектебінің 326 немесе 88,8% Интернет желісінің жылдамдығы 8 Мбит/сек және одан да көп Мбит/сек бар (жоспар 85%).
Сондай-ақ 85% немесе 75 қалалық мектепте Интернет желісінің жылдамдығы 20 мб/с төмен емес. Бұл көрсеткіш те орындалды (жоспар 85%).
«Электрондық нысанда тіркелген еңбек шарттарының үлесі» көрсеткіші 89%-ға орындалды (жоспар 85%).
«Цифрландырылған жер деректерінің үлесі» көрсеткішіне сәйкес, қазіргі уақытта облыс бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалы топырақ және геоботаникалық зерттеулер бойынша жұмыстар жүргізуде.
Бүгінгі күні облыста 6 176,8 мың га егістіктің 6 664,2 мың га немесе 100% цифрланды, 3 907,3 мың га жайылымның 3 506,3 мың га немесе 89,7% цифрланды, 129,6 мың га шабындықтың 132,2 мың га немесе 100% цифрланды (жоспар бойынша 80%, ҚР - 35%).
Қауіпсіздік бағыты бойынша жоспарға «Полицияны цифрлық құралдармен жарақтандыру деңгейі» көрсеткіші енгізілді. 2022 жылдың қыркүйек айында полицияның цифрлық құралдармен жабдықталу деңгейі 135% немесе 650 планшеттен (жоспар 480) артық орындалды.
«Республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында бейнебақылау камераларының санын ұлғайту» көрсеткішіне қол жеткізу үшін Қостанай облысының полиция департаменті «Қазақтелеком» АҚ-мен 197 бірлік бейнебақылау камераларын жалдау бойынша шарт жасасты.
Сондай-ақ, 849 бейнебақылау камерасын орнату бойынша Атаулы бағдарлама бекітілді. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
«Ұлттық және өңірлік электр желілерінде электр энергиясының нормативтік-техникалық ысырабы деңгейін төмендету» көрсеткіші бойынша 2022 жылғы қыркүйекке нормативтік-техникалық ысыраптар деңгейі 4,19%-ды (жоспар бойынша 4,66%) құрайды. Жоспар жыл соңына дейін орындалады.
«Қала құрылысы кадастрының цифрлық жоспарлы негізін құру үшін құрылыс салынған аумақтарда түгенделген жерасты және жерүсті коммуникацияларының үлесі» көрсеткіші бойынша тиісті іс-шаралар жүргізілуде (жоспар 7,1%).
Облыстық жоспарға денсаулық сақтауды цифрландыру бойынша 2 көрсеткіш енгізілді. «Ehealth ядросымен деректер алмасуды қамтамасыз ететін медициналық ұйымдардың үлесі» көрсеткішіне қол жеткізу үшін Денсаулық сақтау министрлігі Ehealth ядросын жетілдіруді жүргізуде. Медициналық ақпараттық жүйені әзірлеушілер, өз кезегінде, Smart bridge қызметтерінің терезесінде орналасқан қызметтермен интеграцияны жүзеге асыру үшін дайындық жұмыстарын жүргізеді. Барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін деректермен алмасу жүзеге асырылады (жоспар 50% мед.ұйымдар).
«Халыққа көрсетілген қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтердің үлесі» көрсеткіші бойынша осы көрсеткіш есептелетін медициналық қызметтердің тізбесі бүгінгі күні ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде бекітілуде (қызметтердің 5%-ы жоспары).
Жоспарда «Цифрлық стандартқа (үлгілік сәулет, эталондық стандарт) сәйкес келетін әкімдіктердің үлесі» көрсеткіші (45-жоспар) көзделген. Әкімдік құрылымына үлгілік ұйымдастыру құрылымымен салыстырмалы талдау және үлгілік бизнес-процестердің нысаналы картасымен функциялардың талдауы жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша ҚР ЦДИАӨМ атына Қостанай облысының цифрлық стандартты қамтамасыз ету бойынша Жол картасын келісуге (2022 жылғы 01 тамыздағы № 13-05/7103 шығ.) жолданды.
Бүгінгі таңда Жол картасы ҚР ЦДИАӨМ-де келісілуде.