Жітіқара аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 355 «Жітіқара ауданы Ырсай ауылының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 93-бабы 1-тармағына сәйкес Жітіқара ауданы Ырсай ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Жітіқара ауданы Ырсай ауылының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде орындауға қабылдансын:
1) кірістер – 30 606,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 1 540,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 0,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 0,0 мың теңге;
трансферттер түсiмi бойынша – 29 066,0 мың теңге;
2) шығындар – 30 606,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 0,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0,0 мың теңге.
- 2026 жылға арналған Жітіқара ауданы Ырсай ауылының бюджетінде аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін, оның ішінде:
1) 689,0 мың теңге сомасында Ырсай ауылының автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге.
- «Жітіқара ауданының Ырсай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әдіскер-бухгалтері Нургуль Арыстамбековна Кульбаеваға:
1) белгіленген мерзімде төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын құрастырсын және бекітсін;
2) белгіленген мерзімде жеке қаржыландыру жоспарын әзірлесін және бекітсін;
3) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі мемлекеттік сатып алуды уақтылы жарияласын;
4) жылдық жоспарлы тағайындаулар шегінде, белгіленген тәртіпте азаматтық-құқықтық шарттарын тіркесін;
5) нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларын уақтылы пайдалануды және заңнамада белгіленген тәртіппен есептілікті ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
1
31 желтоқсан 2025 16:10
31 желтоқсан 2025