2023 жылға арналған «Жітіқара ауданының Мүктікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есеп
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау Министрінің
2013 жылғы 25 маусымдағы
№ 193 бұйрығына
2-қосымша
2023 жылға арналған «Жітіқара ауданының Мүктікөл ауылдық
округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету
саласындағы қызметі туралы есеп
- Жалпы ережелер
- Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:
Мекеменің атауы – «Жітіқара ауданының Мүктікөл ауылдық округі
әкімінің аппараты»ММ
Заңды және пошталық мекенжайы - 110708, Қазақстан Республикасы, Костанай облысы, Жітіқара ауданы, Мүктікөл ауылы, Ленин көшесі, 6
электрондық пошта: mkt.zhitikara@kostanay.gov.kz
байланыс телефоны: 8(714)35-39134
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Әкім аппараты қызмет көрсетуші болып табылатын мемлекеттік қызметтер -5
- Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
- Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
- Кент, ауыл жерлерәнен жер учаскесін беру;
- Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату.
Әкім аппараты өтініштерді қабылдайтын және мемлекеттік қызмет нәтижелерін беретін мемлекеттік қызметтер -8
- Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде
азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар
мен түзетулер енгізу; - Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
- Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру;
- Азаматтық хал актілері жазбаларын жою;
- Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу; - Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу. - Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;
- Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі жаңа қағидаларға сәйкес, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 қазанда № 21366 болып тіркелді. Аппарат көрсететін барлық мемлекеттік қызметтер электрондық форматта жүзеге асырылады.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты 2023 жылғы 01 шілдеден бастап АХАТ функциялары жергілікті атқарушы органдардан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ басқаруына берілді. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу жөніндегі қызметтерді мемлекеттік корпорация көрсетеді.
көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - тікелей әкім аппаратымен 5 қызмет көрсетілді;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны – 2 қызмет көрсетілді;
тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - әкім аппаратында барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі;
қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны – қағаз түрінде 2 қызмет көрсетілді. Электрондық негізде 3 қызмет көрсетілді.
мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны – 11
3) Аса сұранысқа талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру».
- Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:
Ауылдық округ әкімінің аппаратында азаматтарды электрондық форматта оқыту және Мемлекеттік қызметтерді алу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар, халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары, оларды алудың ықтимал тәсілдері туралы ақпараттық стенд ресімделді, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмыс кестесі орналастырылды.
Мүктікөл ауылдық округі әкімдігінің ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде ауылдық округ әкімі аппараты көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесі орналастырылған.
2) Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат - жүргізілген жоқ.
3) Мемлекттік қызметтер процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар)
Ауылдық округ әкімінің аппаратында көрсетілетін қызметті алушылар жүгінген кезде мамандар мемлекеттік қызметтер көрсету процесі туралы түсіндіру жұмыстарын құзыретті жүргізеді. Ауылдық округ әкімі жанындағы кеңестерде қызмет көрсету сапасы мәселелері қаралады, нормативтік құжаттарды зерделеу жүргізіледі.
- Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет
- Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері
Көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті беруші арасындағы тікелей байланыс тәуекелі алып тасталды.
«Қолжетімді әкімдік» қағидаты бойынша мемлекеттік мекеме ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, онда көрсетілетін қызметті алушылар өз бетінше электрондық форматта қызметтерді онлайн алады.
2)Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар
2023 жылғы 1-3 наурыз аралығында Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты маман біліктілікті арттыру курстарына жіберілді.
Ауылдық округ әкімі жанындағы кеңестерде қызмет көрсету сапасы мәселелері қаралады, нормативтік құжаттарды зерделеу жүргізіледі.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру
Ауылдық округ әкімі аппаратында мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерге сәйкес «Әділет» дерекқоры арқылы қамтамасыз етіледі.
- Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2023 жылы көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
2)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Мемлекеттік қызметтер Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес көрсетіледі. Көрсетілген уақыт кезеңінде ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі мен мерзімдерін бұзуы анықталған жоқ.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері
Көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар мен ескертулерге жол бермеу мақсатында Мүктікөл ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселесі бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіледі. Ай сайын көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша есеп аудан әкімінің аппаратына жіберіледі.
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері
Сәйкессіздіктер анықталған жоқ.
- Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.
Әкім аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша одан әрі тиімді жұмысы үшін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттанушылығын арттыру мақсатында 2024 жылы жоспарлануда:
- мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы халықты ақпараттандыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыру:
- көрсетілетін қызметті алушылар арасында «Электрондық үкімет»порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстарын жандандыру;
- белгіленген мерзімдерді бұзбай, қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесін тұрақты бақылауда ұстау;
- мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін қызметкерлердің біліктілігін тұрақты негізде арттыру.
Жітіқара ауданы
Мүктікөл ауылдық округінің
әкімі К.Шукманов
4