Милютин ауылының жергілікті қоғамдастық жиналыс хаттамасы 2025 жылғы 29 тамыздағы № 4
Милютин ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысы
№ 4 хаттама
«Жітіқара ауданының Милютин сағат 15-00 2025 жылғы 29 тамыз
ауылы әкімінің аппараты» ММ
мәжіліс залы
Милютин ауылының аумағында тұратын және жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысу құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны – 35 адам.
Қатысты – жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері, ауыл әкімі аппаратының қызметкерлері – барлығы 21 адам.
Қатысты - жергілікті қоғамдастық жиналысының 17 мүшесі:
- Нурутдинов Николай Владимирович
- Дуйсембаева Алима Сапаргалиевна
- Расторгуев Евгений Александрович
- Клышев Амангельды Хамитович
- Исмурзинова Роза Курмангазыевна
- Бондарь Светлана Леонидовна
- Сулпинова Галина Алибековна
- Маслова Елена Александровна
- Сажко Наталья Владимировна
- Есенова Айтуган Хамитовна
- Толорая Елена Ивановна
- Москоленко Валентина Александровна
- Жакатова Куляш Бисенгалиевна
- Шеремет Ирина Иннокентьевна
- Кушаева Надежда Радиковна
- Бурубаева Жаркын Ергалиевна
- Блинова Гуляим Калимжановна
Ауыл әкімі аппаратының қызметкерлері:
- Шнарбаев Кайрхан Найзабекович
- Валиулина Гульбану Каирбековна
- Капизова Майра Хамитовна
- Нуржанова Жанна Казатаевна
ТЫҢДАЛДЫ:
Милютин ауылы әкімінің м.у.а. М.Х.Капизова – күн тәртібін бекітуді ұсынды.
- Жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысын сайлау туралы;
- Милютин ауылының 2026-2028 жылдарға арналған бос қалдықты бөлу жөніндегі бюджетін нақтылау.
Күн тәртібін бекітуге дауыс беруді ұсынамын.
Дауыс берді: «Қолдады» – 17 адам; «Қарсы» – 0 адам; «Қалыс қалды» – 0 адам.
Қабылданды: күн тәртібін бір ауыздан бекіту.
КҮН ТӘРТІБІ:
- Жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысын сайлау туралы;
- Милютин ауылының 2026-2028 жылдарға арналған бос қалдықты бөлу жөніндегі бюджетін нақтылау.
ТЫҢДАЛДЫ:
М.Х.Капизова – жергілікті қоғамдастық жиналысын жүргізу үшін ашық дауыс беру арқылы жиналыстың төрағасы мен хатшысын сайлау қажет.
Сіздерден кандидатураларды ұсынуды сұраймын.
Жиналыстың төрағасы етіп – Ирину Иннокентьевну Шеремет, хатшысы етіп – Роза Курмангазыевна Исмурзинованы сайлау туралы ұсыныс түсті.
Жиналыс мүшелеріне дауыс беруді ұсынамын.
Дауыс берді: «Қолдады» – 17 адам; «Қарсы» – 0 адам; «Қалыс қалды» – 0 адам.
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы болып – Ирина Иннокентьевна Шеремет, жиналыстың хатшысы болып – Роза Курмангазыевна Исмурзинова бірауыздан сайлансын.
СӨЗ СӨЙЛЕДІ: жергілікті қоғамдастық жиналысының төрайымы Ирина Иннокентьевна Шеремет.
Құрметті қатысушылар, жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері баяндамалар, қосымша баяндамалар үшін сөз сөйлеу, бүгінгі жиналыс жарыссөздерінде сөз сөйлеу регламентін белгілеуге рұқсат етіңіздер.
Регламент:
- Баяндама үшін сөз сөйлеу – 10 минутқа дейін;
- Жарыссөздерде сөз сөйлеу – 5 минутқа дейін.
Құрметті жиналыс мүшелері, күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша Милютин ауылы әкімінің м.у.а. М.Х.Капизоваға сөз беруге рұқсат етіңіздер.
Қарсылық бар ма? Жоқ.
Сөз сөйлеу үшін сөз Майра Хамитовна Капизоваға беріледі.
ТЫҢДАЛДЫ:
М.Х.Капизова - Жітіқара ауданы Милютин ауылы әкімінің м.у.а..
Құрметті жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері, 2026-2028 жылдарға арналған Милютин ауылы бюджетінің жобасын жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелерімен келісу туралы күн тәртібінің мәселесін қарауға көшеміз.
Сізді Жітіқара ауданының Милютин ауылы бюджетінің 2026-2028 жылдарға арналған жобасымен таныстыруға рұқсат етіңіз.
2026 жылға Милютин ауылының бюджеті кіріс түсімдері бойынша – 65709,0 мың теңгені құрайды
Салықтық түсімдер.
- Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы-311,0 мың теңге;
- Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық – 40,0 мың теңге;
- Жер салығы-32,0 мың теңге;
- Заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық – 509,0 мың теңге;
- Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық - 955,0 мың теңге;
- Бірыңғай жер салығы - 649,0 мың теңге;
- Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем-5,0 мың теңге;
- Сондай – ақ аудандық бюджеттен 63208,0 мың теңге сомасында трансферттер қарастырылған.
Қазіргі уақытта ауыл бюджеті мынадай бағдарламалардан тұрады:
«Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер», «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру», «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру», «Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу».
2026 жылға арналған бағдарламалар бойынша шығыс бөлігін – 65709,0 мың теңге сомасында мынадай түрде бөлу жоспарлануда:
- Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер – 24958,0 мың теңге;
- Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру – 839,0 мың теңге;
- Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру – 189,0 мың теңге;
- Аудандықмаңызы бар қалаларда,ауылдарда,кенттерде,ауылдықокругтердеавтомобильжолдарынкүрделіжәнеорташажөндеу – 39723,0
СӨЗ СӨЙЛЕДІ: Жиналыс төрағасы И. И. Шеремет сөз сөйледі.
Құрметті жиналыс мүшелері, Сіздер Жітіқара ауданы Милютин ауылының 2026-2028 жылдарға арналған бюджетінің жобасымен таныстырылдыңыздар. Қандай да бір ұсыныстарыңыз немесе ескертулеріңіз бар ма?
Жоқ.
Егер ұсыныстарыңыз, ескертулеріңіз болмаса, жиналыс мүшелерін Жітіқара ауданы Милютин ауылының 2026-2028 жылдарға арналған бюджетінің жобасын келісуге дауыс беруді сұраймын.
Дауыс берді: «Қолдады» – 17 адам; «Қарсы» – 0 адам; «Қалыс қалды» – 0 адам,
«Қабылданды» бірауыздан.
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Милютин ауылының 2026-2028 жылдарға арналған бюджетінің жобасы жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелерімен келісілді деп саналсын.
СӨЗ СӨЙЛЕДІ: жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы И. И. Шеремет. Құрметті жиналыс мүшелері, қандай да бір қосымша сұрақтарыңыз бар ма? Сөз сөйлеуді қалайтындар бар ма? Жоқ.
Қандай сұрақтарыңыз, ұсыныстарыңыз бар? Жоқ.
Егер сұрақтарыңыз, ұсыныстарыңыз болмаса, жергілікті қоғамдастықтың жиналысын жабық деп санауға рұқсат етіңіздер. Назарларыңызға рақмет. Сау болыңыздар.
Төрайым И.И.Шеремет
Хатшы Р.К. Исмурзинова
Исмурзинова Р.К.
4