Егіс науқанын өткізу, дәндi дақылдарды жинау және азық дайындау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi
Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы
7-тарау. Егіс науқанын өткізу, дәндi дақылдарды жинау және азық дайындау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi
- Егіс науқаны басталмас бұрын, оған жұмылдырылған барлық тұлғаларға өртке қарсы нұсқаулықтан өту қажет, ал жинау агрегаттары мен автомобильдерi әрқайсысы 5 литрлік кемінде екі өрт сөндіргішпен, жарамды ұшқын сөндіргіштермен жабдықталады және қуаттау, оталдыру және майлау жүйелерi реттеледi.
- Масақты егiн пiсер алдында олардың орман алқаптарына, дала жолағына, автомобиль және темiржолдарға iргелес жерлерiнде енi кемiнде 4 метр жолақ шабылады және жыртылады.
- Дәндi дақылдарды жинауды астық алқаптарын алаңы кемінде 50 гектар учаскелерге бөлуден бастау қажет. Учаскелердің арасына ені кемінде 8 метр шалғы жолы жасалады. Шалғы жолынан шабылған астық дереу жиналады. Шалғы жолының ортасында енi кемiнде 4 метр жер жыртылады.
- Уақытша қыр орындары астық алқаптары мен қырманға 100 метрден жақын болмауы керек. Қыр орындарының, астық қырмандары алаңшаларының енi кемiнде 4 метр жолақ етіп жыртылады. Көлемi 25 гектардан астам жиналып жатқан астық алқаптарына тікелей жақын жерлерде өрт шыққан жағдайда өртенген аймақты жыртуға арналған соқасы бар трактор дайын тұруы керек.
- Шөп шабу алдында ауыл шаруашылығы алқаптары мен периметрі бойынша жайылымдар ені кемінде 4 метр минералданған жолақпен жыртылады.
Адамдардың ауыл шаруашылығы алқаптары мен жайылымдарда шөп шабу жұмыстарын жүргізген кезде, өрт болған жағдайда жану аймағын жыртуға, шөптесін өсімдіктердің өртенуіне жол бермеу үшін соқасы бар трактор пайдалану ұсынылады, өрт сөндіру құралдары - бейімделген бір жабдық немесе кемінде 5 текше метр тіркемелі контейнер, өрт сөндіргіштер, күректер, шатырлақтар.
- Автотрактор техникасын құрғақ шөптен, жанғыш қоқыстан тазартылған және ені кемінде 4 метр жолақпен жыртылған арнайы алаңдардан тыс жерде, немесе қырманнан, шөп пен сабаннан, астық алқаптарынан 100 метр қашықтықтағы, ғимараттар мен құрылыстарға 50 метр қашықтықтағы жыртылған жерде сақтауға және мұнай өнімдерін құюға болмайды.
Ауыл шаруашылығы техникасының кабинасы мен шанағында тез жанғыш заттарды сақтауға және тасымалдауға болмайды.
Ауылшаруашылық техникасының мотор бөлігі, бөлшектері мен тораптары таза ұсталады, жанғыш сұйықтықтардың дақтары дереу жойылады.
- Егіс науқаны мен дәнді дақылдарды жинау және азық дайындау кезеңінде:
1) тракторлардың, қақпақтары жоқ немесе қақпақтары ашық автомобильдер мен өзi жүретiн шассилердiң жұмыс iстеуiне;
2) қозғалтқыштардың радиаторларындағы шаңды күйдiру үшiн дәнекерлейтiн лампаларды қолдануға;
3) далада түнгi уақытта автомашиналарға жанар-жағар май құюға;
1) бакте немесе цистернада жанармайдың бар-жоғын жанып тұрған сіріңкемен немесе басқа да ашық отпен тексеруге;
2) ауыл шаруашылығы машиналарының (автомобильдер, комбайндар, тракторлар және басқа да тартылған жабдықтар) жарамды ұшқын сөндіргіштерсіз жұмыс істеуіне болмайды.
- Өрт қаупінің жоғары класы кезеңінде меншігі мен меншік нысанына қарамастан жердің барлық санаттарында (ауыл шаруашылығы алқаптары, жайылымдық жерлер) мыналарға жол берілмейді:
1) құрғақ шөпті өсімдіктер мен өсімдік қалдықтарын тамырымен күйдіру;
2) ауыл шаруашылығы мақсатында қолданылатын жерлердегі өртеу жұмыстары.
Қамысты және құрғақ өсімдіктерді шабуға шаруашылық және өндірістік қажеттілік жағдайында және өрттердің шығу қаупін төмендету мақсатында ғана жол беріледі
- Ауыл шаруашылығы алқаптары мен өрістерде шөпті, аңыз қалдықтарын, сабанды өртеу жұмыстарын (бұдан әрі – ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмысы) ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының (шаруашылықтарының) басшылары, жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, орман иелері өрт қауіпті кезеңі алдында немесе соңында мынадай өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтай отырып жүргізеді:
1) ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмысын бастамас бұрын өз қызметкерлеріне, сондай-ақ осы іс-шараға қатысушыларға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы, өрт сөндіру тәсілдері туралы нұсқаулық беру ұйымдастырылады;
2) ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмыстарын жүргізу уақытында жауапты адамдар тағайындалады;
3) ауыл шаруашылығы өртеу жұмыстарын жүргізу орындарында әр өрт сөндіру автоцистернасы немесе бейімделген техника, бір соқалы трактор, өрт сөндіргіштер, күректер есебінен өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған патрульдік бекеттер қойылады;
4) жұмыстар жүргізу алдында ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмысының аумағы ені кемінде 8 метр жолақпен жыртылады және ауданы 25 гектардан аспайтын учаскелерге бөлінеді;
5) орман алқаптары, орман белгілері, егістікті қорғау жолақтары мен егістіктердің өртейтін учаскелеріне іргелес көгалдандырушы екпе ағаштар ені кемінде 8 метр етіп жыртылады;
6) ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмыстары желдің әсері 3 баллдан аспайтын (секундына 5 метр) болғанда, жыртылған учаскелерде жауапты адамдар мен жұмыскерлердің бақылауымен жүргізіледі;
7) жалынның тез таралуын болдырмау мақсатында ауыл шаруашылығындағы өртеу желдің ық жағынан басталады;
8) ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмысы аяқталғаннан кейін өртелген аумақтың периметрін мұқият тексеру, бықсыған жерлер мен жану ошақтарын анықтау және жою, қайта жанудың алдын алу үшін 3 сағат ішінде күзет қою қамтамасыз етіледі.
V2200026867
21 ақпан 2022 00:00
21 шілде 2023