Меню

Мобильная связь
Интернет
Фиксированная связь
Почтовая связь
Проверка качества сотовой связи
Выдача разрешений на использование радиочастотного спектра Республики Казахстан
Развитие новых технологий и инфраструктуры в области связи
Государственная политика в области связи
Информация о селе Шеген

          Шеген  ауылының  қысқаша  тарихы 

  Шеген  ауылының  жалпы  жер  көлемі – 246920га. Шабындық -  8066  га, жайылымдық – 222255 га ,  а/шаруашылығы мақсатындағы жер – 230322 га.

1925 жыл-  Аралтөбеде  партия  ячейкасы құрылды. Алғашқы рет  мүшелікке10 адам  қабылданды.

1929 жылы- ТОЗ  құрылды.

1933 жылы –Серіктестіктер құрылды.

1937 жылы –  « Қызыл-қоға, Тамқамыс ,Октябрь,Сталин, Жаркешу » колхоздары   құрылды.

1950 жылы -  Сталин  атындағы колхозға  біріктірілді.

1960 жылы -  май  айында  Торғай  совхозы ,  Амангелді  ауылдық

 кеңесі  құрылды

1992 жылы - Торғай  қауымдастығы , Амангелді  ауылдық  әкімшілігі , шағын  кәсіпорындар  «Бірлік, Еркеш, Жаркешу, Бейсенбай, Қарақұдық, Құмкөл »   құрылды.

  • жылы - Амангелді ауылдық  округі  құрылды.
  • жылы – Торғай жауапкершілігі шектеулі  серіктестігі құрылды.

2005 жылы -  Амангелді  ауылдық  округі ,« Жангелдин ауданының Амангелді  ауылдық  округі  әкімінің  аппараты »  мемлекеттік  мекемесі  болып  құрылды.

2018  жылы  - « Жангелдин  ауданының   Шеген  ауылы  әкімінің  аппараты» мемлекеттік  мекемесі  болып  атауы  өзгертілді.

                       Елбасқарған   азаматтар

Аралтөбедегі  партия  ячейкасын  Ғаппас  Саламатов  басқарды

Қызыл-қоға  колхозын  - Омаров Саржан  басқарды.Үй саны- 19, ірі қара -35бас, қой – 250-300 бас , жылқы – 25бас болған.                      

Тамқамыс  колхозын   -  Ибраев Андағұл  басқарды.Үй саны- 13, ірі қара - 52  бас, қой – 550   бас , жылқы – 25-33  бас болды.     

Октябрь колхозын  - Байтілеуұлы Қабжан басқарды.Үй саны- 22 , ірі қара -35    бас, қой – 350   бас , жылқы –38  бас болды.     

Сталин  колхозын  - Нақыпұлы Қали   басқарды.Үй саны- 25 ірі қара – 30 бас, қой –250  бас , жылқы – 25  бас болды.    

Жаркешу колхозын  - Төлендіұлы Мұхамедяр басқарды.

Үй саны- 25, ірі қара -45  бас, қой – 570 бас , жылқы – 38 бас болды.     

Ірілендірілген  Сталин  атындағы колхозды  - Сейтказиев  Міркемел

 басқарды.Үй  саны-130,ірі  қара – 3220 бас,қой-2800 бас, жылқы-1300 бас, түйе-30 бас болды.

Ферма  басқарушылар -  Досымұлы Қасым

                                              Еламанұлы Бейсенбай

                                              Иланұлы Әбжамал

                                              Зейноллаұлы Ғабдынұр

                                              Нұрсейітұлы Ғұбайдолла 

Торғай  совхозында- үй  саны -145, ірі  қара -3320 бас,қой-35000 бас,  жылқы-1450 бас, түйе-42  бас  болған.

 

Совхоз  директорлары  -  Кененбайұлы Құдабай   1960- 1964 жылдары Әуелбеков Уәли 1964-1973 жылдары

Молдабекұлы Нүридден  1973-1979 жылдары

Шайзаұлы Қайыржан   1979-1989 жылдары

Көшекұлы Айдарбек     1989-1993 жылдары

Хамитов  Айдар             1993-1997  жылдары аралығында  басқарды.

Торғай жауапкершілігі серіктестігін- Ильясов Амандық   1997-1998  жылдары   басқарды.

Партия  ұйымының секретарлары :

Ғаппасұлы  Төсекбай       1960-1964 жылдары

 Нұрханұлы Сағымбек      1964-1965 жылдары

Жаңабергенұлы Сәмен  1965-1969  жылдары

Хамитұлы Егізбай            1969-1974  жылдары

Әбжамалұлы Төлеухан1974-1975  жылдары

 Сейдахметұлы Қарағұл1975-1978  жылдары

Дулыбаев Сүлеймен1978-1985  жылдары

 Жүзбайұлы Ғалым1985-1988  жылдары

 Балғынбайұлы Бақыт  1988-1990  жылдары  аралығында  басқарды.

1992-1994  жылдар  аралығында  шағын кәсіпорындарды  басқарғандар:

«Бірлік»  кәсіпорынын-    Тасмағанбетов  Әбіш

«Еркеш» кәсіпорынын-   Хасенов Кәрімжан

«Әсем»  кәсіпорынын-   Жакыпбеков Қуанышбек

«Жаркешу»  кәсіпорынын-Әбжамалұлы Манарбек

«Бейсенбай» кәсіпорынын-Есмағанбетов Ақансері

«Карақұдық» кәсіпорынын-Ерғалиев Талғат

«Құмкөл»  кәсіпорынын-Беков  Өмірзақ

Амангелді  ауылдық  кеңесінің төрағалары,

Амангелді  ауылдық округінің  әкімдері:

Ниязбаев Еркебай        

1960-1975  жылдары

Алимов Едрес

1975-1976  жылдары

Бекмурзин Сейтбек

1976-1978  жылдары

Мықтыбеков Сұлтан    

1978-1982  жылдары

Габдуалиев  Макашбай              

1982-1984 жылдары

Орынбеков Тәшет      

1984-1986 жылдары

Әбжамалов Манарбек  

1986-1989 жылдары

Кенжебаев  Тұраш       

1989-1996  жылдары

Әбілхайыров Зайт        

1996-1997  жылдары

Хамзина Жұпаркүл      

1997-1998  жылдары

Қасжан  Айбек             

1998-2000  жылдары

Едресов  Елдос              

2000-2004  жылдары

Талпақов Айдаралы      

2004-2006  жылдары

Нұржан Ахметқали      

2006-2013  жылдары

Сабыржан Жарқын      

2013-2021 жылдары

Едресов  Елдос             

2021 ж.б.

Елден  шыққан  Социалистік  Еңбек ерлері:

Нарынбаев  Хамза – шопан.

Тұрманов Әбжан  -  шопан .

Елге   еңбегі  сіңген  азаматтар

Қонысбаев  Шәріп – шопан, Ленин  орденді

Бірмұқанов Қасен  -шопан ,Октябрь   Революциясы  орденді

Досықов Ескермес – шопан,Ленин  орденді

Байсалбаев Самырат –шопан, Еңбек  Қызыл Ту  орденді

Алматов Алмұқан – шопан ,Еңбек Қызыл  Ту  орденді

Хусайнов  Ғабдоллаш-  шопан, Құрмет  белгісі  орденді

Бекмағамбетов Қайырбек  - дәрігер, Ленин, Октябрь

Революциясы  орденді

Байтұрсынов  Тұрсынбек- байланыс  мекемесі қызметкері,

І дәрежелі  Ұлы  Отан  соғысының  ордені

Ергалиев Абсалық -  кеңес хатшысы,І дәрежелі Ұлы Отан

соғысының  және Қызыл  Жұлдыз  орденді

Әбжамалұлы  Төлеухан – Қазақстан  Орталық комитетінің,                             партиялық бақылау комитетінің Құрмет грамотасымен, «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен  марапатталған.

 Едресов  Қибаш – мұғалім , Еңбек  Қызыл Ту орденді

Топай  Марияш- мұғалім, Қазақ ССР  білім беру ісінің үздігі

Мырзагалиев  Кеңес –шопан,ІІІ дәрежелі  Еңбек Даңқы орденді

Хасенов  Ермұрат- шопан, Еңбек Қызыл Ту  орденді

Тлеубаев  Орынбек –шопан, ІІІ дәрежелі Еңбек Даңқы Орденді

Жарманов  Рамазан – мұғалім,Қазақ ССРоқу ісінің  үздігі

Қабжанұлы Қабдеш – мұғалім,Қазақ ССР  оқу ісінің үздігі

Смагулов  Жабатай- шопан, Октябрь  Революциясы орденді

Мырзахметов Кәкімжан- шопан,Қазақ  ССР Жоғары кеңесінің депутаты,Халықтар Достығы орденді

Тауешкин  Еркеш - № 31 Донбасс  шахтасында шахтер, Құрмет белгісі орденді

Ғабдықапар Сағитұлы  Сейтқасымов – ірі ғалым экономист, ҚР ҰҒА –ның  академигі, экономика   ғылымдарының  докторы, профессор, Астана қаласындағы  экономикалық жоғары  оқу  орындарының  бірі болып саналатын  қазақ экономика ,қаржы  және халықаралық  сауда  университетінің  ректоры .

Нұрымұлы  Толыбай -  Еңбек  ардагері.

Аяпбергенов Темірғали -  Халықтар достығы  орденді

Тағлин  Зияда -  Еңбек  ардагері, Халықтар  достығы  орденді

Казымбеков Куандық- СССР  ауыл  шаруашылығы комитетінен  «Күміс »  медал,  «Бесжылдықтың  үздігі» медалін  алған.

Мектептің қысқаша тарихы

1953-1954 оқу жылы  Сталин атындағы жеті жылдық мектеп болып ашылды. Алғашқы мектеп директоры Қалашов Жұмағали.

1960-1961 оқу жылдары мектеп Аманкелді атындағы сегіз  жылдық мектебі болып өзгертілді. 1972  жылы  орта  мектеп  болып өзгерді.1960-1972 оқу жылдары мектеп директоры  Едіресов Қибаш.

Аманкелді  орта  мектебінің директорлары.

1972-1980 оқу жылдары Байбосынов  Есқали

1980-1983 оқу жылдары Қабжанов Қабдеш

1983-1984 оқу жылдары Әділбеков Сабыр

1985-1993 оқу жылы Оспанов Сәбитбек

1993-1995 оқу жылы Қалиев  Серікбай

1995-1998 оқу жылы Хамзина Жұпаркүл

1998-1999 оқу жылы Сүлейменұлы Серік

1999-2006 оқу жылы Хамзина Жұпаркүл

2006-2010 оқу жылы  Әбдібаев Меңдібай

2010 жылдан бастап Бейсенбеков Асыланбек

Мектепте 2017-2018 оқу жылына дейін 785 түлек бітірді. Жоғарғы оқу орнын бітіргені-157, арнаулы оқу орынын 301 түлек бітіріп шықты. Мектепте 2017-2018 оқу жылдары аралығында  36 мұғалім қызмет атқарды.  КСРО білім беру ісінің үздігі-1, Еңбек қызыл ту орденді-1, Қазақстан білім беру ісінің үздігі-8, Аға мұғалім-1, методист мұғалім-1

Амангелді  орта  мектебінде  25  баладан  тұратын  1  шағын  орталық,  1даярлық  тобы  жұмыс  істейді

Искакова  Райхан  -  мұғалім, « Еңбек  ардагері» медалін, « Қазақ ССР  халық  ағарту  ісінің  озық  қызметкері» атағын  алған.

Жұмағалиқызы  Жақсылық -  мұғалім, «Еңбек  ардагері» медалін,  «Қазақ   ССР  халық  ағарту  ісінің  озық  қызметкері»  атағын  алған.

Қабден  Балқия  - мұғалім, «Аға  мұғалім», Қазақстан  Республикасы білім  беру  ісінің  үздігі  атағын  алған.

Хамзина  Жұпаркүл -  мұғалім, Ы.Алтынсарин  төсбелгісін, Қазақстан 

Республикасы  білім  беру  ісінің  үздігі  атағын  алған.

Шеген  ауылында 9  жеке  шаруа  қожалықтары  жұмыс  жасайды.

Шаруа  қожалықтары  ірі  қара , қой-ешкі, жылқы  малдарын  өсіреді.     

 «Кеңес»  жеке  шаруа  қожалығы -1992  жылы  құрылған.

1992- 1999    жылдары  жеке  шаруа  қожалығын  Торғай  совхозының  озат  шопаны  Мырзағалиев   Кенесбасқарды.1999 жылдан   бері  баласы  Мырзағалиев  Талғат  басқарып  келеді. 172 - бас  ірі  қара, 391 -  бас  қой,  310-   бас  ешкі, 25  -  бас  жылқы   бар.

«Жыңғылды»  жеке  шаруа  қожалығы- 1992  жылы  құрылған.Жеке  шаруа  қожалығын  Торғай  совхозының  озат  шопаны  Кабжанов  Егізбай  1992 – 2002 жылдар  аралығында  басқарды.  2002  жылдан  бері  баласы  Кабжанов  Марал  Егізбайұлы   басқарады.43- бас  ірі  қара, 232 -   бас  қой, 109 -   бас  ешкі,  35 -  бас  жылқы   бар.

«Наужан »  жеке  шаруа қожалығы – 1997 жылы  құрылған. Жеке  шаруа  қожалығын  Самыратов  Нұрлан  Абдрахманұлы  басқарады.88 - бас  ірі  қара,39 -  бас  жылқы   бар.

«Тосын »  жеке  шаруа   қожалығы  2006  жылдан  бері  жұмыс  істейді.

Жеке  шаруа  қожалығын  Кыстаубаев  Нұрлыбек  Кауденұлы  басқарады.109- бас  ірі  қара,  55-   бас  қой, 29  - бас  ешкі, 126  - бас  жылқы   бар.

«Кемел»  жеке  шаруа  қожалығы – 2013  жылдан  бері  жұмыс  істейді.

Жеке  шаруа  қожалығын  Сапарова  Айнагул  Нағашыбайқызы  басқарады.

98- бас  ірі  қара, 320 -   бас  қой,  125-   бас  ешкі, 28  -  бас  жылқы   бар.

«Байтемір»  жеке  шаруа  қожалығы  - 2010 жылдан  бері  жұмыс  істейді.  Жеке  шаруа  қожалығын  Хамзин  Байтемір  басқарады. 20- бас  ірі  қара, 

63 -  бас  қой,  36-  бас  ешкі, 8 - бас  жылқы   бар.

«Сатай»  жеке  шаруа  қожалығы – 2013  жылдан  бері  жұмыс  істейді.

Жеке  шаруа  қожалығын  Торғай  селосының  тұрғыны  Меше  Айжан  Дисенқызы  басқарады.10- бас  ірі  қара, 130 -   бас  қой,  20-  бас  ешкі,  2 -  бас  жылқы   бар.

«Аян»  жеке  шаруа  қожалығы-  2014  жылдан  бері  жұмыс  істейді. Жеке  шаруа  қожалығын  Торғай  селосының  тұрғыны  Исмайлова  Бакиткул  Карисовна  басқарады.129- бас  ірі  қара,76 - бас  қой,39 - бас  жылқы   бар.

«Көлқұдық»  жеке  шаруа  қожалығы  - 2014  жылдан  бері  жұмыс  істейді.

Жеке  шаруа  қожалығын  Торғай  селосының  тұрғыны  зейнеткер  Жарасова  Акжібек  Әмірханқызы  басқарады.10- бас  ірі  қара,38 - бас  қой, 25 - бас  ешкі,  1 -  бас  жылқы   бар.

«Ақжол »  жеке  шаруа  қожалығы  - 2017  жылдан  бастап  жұмыс  істейді.

Басшысы  Торғай  селосының  тұрғыны  Габдуалиев  Канат  Шөптібайұлы

Шеген  ауылында  2005  жылдары    Есқабылова  Торта, Мырзағалиева  Зәуреш, Нұрсейтова  Салиха , Казанатова  Биғанша,  Сапарова  Айнагулдер    жеке  кәсіпкерлікпен  айналысып,  тұрғындарды  азық-  түлік,  тұрмыстық  заттармен  қамтамасыз  етті.

Қазіргі  уақытта   «Мырзағалиева  Зәуреш»  жеке  кәсіпкерлігі  жұмыс  істейді.

 Шеген  ауылындағы  тарихи  жер – су аттары

Өзендер-  Торғай , Өлкейік, Қабырға .

Бөгеттер- Шыңыр, Еркеш, Бас бөгет, Қызқашқан, Садақбай, Аяқ бөгет, Ақ бөгет, Байдос, Қарабұқа, Жаманкөл, Ақ ши , Дәуітбай, Тұрлығұл,Шәкіржан.

Жасанды  көлдер / котловандар / - Ақсу,  Құмақ, Хасен күзегі, Шыңырау, Ақбағыс , Аққұм, Сартөбе, Тұзқұдық, Саумалкөл,  Құмкөшу.

Бөлімшелер -  Бейсенбай, Жаңақұрылыс, Қарақұдық ,Қарғалы , Құмкөл .

Халық  қасиетті,киелі  орын  санайтын  жерлер :  Дәмолда Катен  мешіті, Қосмағанбет қыстағы, Шақшақ  Жәнібек   белгісі, Дәуітбай  қорымы.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы