2023 жылдың есепті кезеңі ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша «Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы есебі.

«Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай ауылы, Алтынсарин көшесі 4 үйде орналасқан. Байланыс телефондары: (871439)21966, (871439)21112. «Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі –  Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін түскі үзіліспен сағат  9:00-ден 18:30-ға дейін.  

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.

«Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде  8 мемлекеттік қызмет түрлері бойынша қызмет көрсетіледі:

  1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы.
  2. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру.
  3. Тұрғын үй сертификаттарын беру.
  4. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру.
  5. Ауданаралық/қалааралық облысішілік/, ауданішілік, қалалық/ауылдық/ және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау.
  6. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық/ауылдық/, қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту.

7.Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу.

  1. Ағаштарды кесуге рұқсат беру.

Мекемеде "Е–лицензиялау","Е–өтініш", Е-шаңырақ, Е-қазына ақпараттық жүйелері және «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» -«Шаңырақ» сервистік бағдарламасы жұмыс істейді.

Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі қызмет алушылар үшін қолжетімді: мекеменің ақпараттық стендтерінде, сондай-ақ ауданның ресми сайтында орналастырылған.

«Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мемекемесі басшысының бұйрығымен мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қызметкер бекітілген. 

Осы есепті кезең ішінде мемлекеттік қызмет түрі- «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан жергілікті орган жалдаған тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті орган жалдаған  тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезеккке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы»  бойынша барлық келіп түскен өтініштер саны-227.   Қызмет көрсету бойынша осы кезең ішінде келіп түскен, қаралған арыз-шағымдар жоқ.

2023 жылдың осы кезеңіне дейін мемлекеттік қызмет көрсету бойынша арыз-шағымдар түскен жоқ, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартулар, мерзімі кешіктіріліп көрсетілген қызметтер болған жоқ.

Бекітілген жоспарға сәйкес, 2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, мерзімдерді сақтау мәселелері бойынша 1 отырыс өткізілді.

( хаттама № 2   25.09.2023 ж.).

Бөлім бойынша мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мен қол жетімділігін қамтамасыз ету, қызмет көрсету мерзімдерін сақтау бойынша жұмыстар өз деңгейінде жалғастырылуда.

Жарияланған күні

09 ақпан 2024 15:54

Жаңарту күні

09 ақпан 2024

Түрі