Баспасөз-релизі.

Жангелдин аудандық мәслихатының «Жангелдин ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2023 жылы әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешімінің жобасы (бұдан әрі–шешім жобасы) «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8-тармағына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 44279 тіркелген), «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 85702 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.
Шешім жобасы ашық нормативтік құқықтық актілерінің интернет-порталына https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14363954 орналастырылған.
Бұл баспасөз релизі Жангелдин ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

Жарияланған күні

23 желтоқсан 2022 17:22

Жаңарту күні

23 желтоқсан 2022